Өнер • 11 Наурыз, 2019

Керімсал

1613 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде Қаңтарбаевтар әулетінің «Шежірелі нақыштар» атты көрмесі ашылды. Көрмеден биылғы көктемнің жан жадыратар керімсалындай айрықша бір леп еседі.

Керімсал

Көрме ашылар алдында Мақсат екеуміз ғимараттың үшінші қабатын еркін араладық. Суретші жігіт әке­сінің балаларын қылқаламға жақын болуға кішкентай күндерінен тал­пын­дырғанын ерекше ықыласпен еске алды. Әкесі бір күні Суретшілер одағына өзінің ұзақ уақыт өрнектей шапқан орындығын ауылдан қа­ғазға орап әкелген ғой. Есік алдында кездескен кісі «Мыналарың не?» деп сауал қояды. Орындық екенін, ауыл­да алты ай шапқанын айтады. «Осында әкелсең, бізге көрсет» дейді әлгі кісі. Менің әкем бумасын ашып, орындығын көрсетеді. Бейтаныс кісі арқадан қағып, «Сен енді осында тұра тұр» деп өзі ішке кіріп кетеді де, іштегі суретшілердің бәрін шақырып келеді. Қырғызбай ақсақал қолдан жасалған орындығын есік алдына жайнатып қояды. Іштен шыққан кісі­лер есік алдында тұрған айрықша орындыққа таңырқай қарайды. Бұл тосын кездесуді ұйымдастырып жүрген кісі Әбілхан Қастеев болып шықты. Сөйтіп, орындыққа таңырқаған топ бір кісідей мақұлдап, Қырғызбай ақсақал Суретшілер одағына қабыл­данады. Кейін Қырғызбай ақсақалдың өмірінде тағы бір кездесу болады. Жамбылда Бауыржан Момышұлымен кездесу өтетінін естиді. Ауыл мұғалімі майдангер аңыз ағасымен кездесуге барады. Бұл жүздесуге көп адам қатысады. Ауылдан шығарда өзі мүйізден ойып жүрген Бауыржанның портретін ала барады. Әр майдангер мақтаныш көретін сыйлы ағасының мүйізден ойған бейнесін сыйлауға оқталған сәтте бір келіншек батыр жазу­шыға гүл сыйлайды. Бауыржан ағасы ол гүлді елеусіз жанына қоя са­лады. Сонда барып ауыл суретшісі «менің титімдей мүйіз портретім неге керек» деп, сол күйі төс қалтасында қал­­­дырады. Кейін бір кездесуде батыр ағасына бұл жайды түсіндіріп айтады. «Ол гүл ғой, мы­­­­нау еңбегіңнің орны бө­лек» деп кеңкілдей күліп сыйлықты қабылдайды да,  алғыс айтып, бір шу­мақ өлең жазып беріпті.

Мен де адаммын жаралған сүйек еттен,

Менде де ой бар, пікір бар жан тер­бет­кен,

Халқымның қарапайым бір ұлы­мын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Суретші батыр ағасының өлең жолдарын қастерлеп, күміс таңба­лармен жаздырып, Бауыржан Мо­мышұлының мүйізден әспеттеген ескерт­кішінің астына жарасымды етіп таңбалатып қойды. Қырғызбай ақсақал немересі Диас Мақсатұлын да жастайынан шығармашылыққа баулыды. Т.Жүргенов атындағы мектепте және О.Таңсықбаев атындағы Ал­маты колледжінде білім алған ол ата жолымен кескіндеме және графика жанрында еңбектеніп жүр. Қызы Нұрдана Адамсопиеваны да осы салаға тәрбиеледі. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, дизайнер болып жұ­мыс істеді, матаны батик арқылы бояу, әрлеумен шұғылданды. Бұл сөзімізге дәлел бола алатын «Қазақ ару­лары», «Сәукелелі арулар» шырайлы шығармалары дер едік. 

Мақсат Қаңтарбаев еңбек жолын Көгершін ауылында көркемөнер мектебінде сурет пәнінен мұғалім болып бастады. Ол пейзаж жанрын­да еңбектенеді. Акварель, майлы бояу­мен сурет салады, ағаш оюмен де айналысады. Суретшіні шабыт­тан­дыратын бірден-бір күш, ол – тірі табиғаттың өзі. Мақсат та кез кел­ген басқа әріптестері секілді өмір­­ге деген шынайы махаббатты жа­ны сү­йеді. Үнемі ізденісте жүрген су­рет­­­ші жігіт жеткен жетістіктерімен тоқ­­талмайды. Шығармаларынан өмірге деген шынайылықты көріп тән­ті боласыз. Оның кенептерінен бояу­­лардың әспетті өрнектермен ас­тасқан әдемілігін табар едіңіз. Сазды сал­ған тақырыптарының сан алуан көріністері мың бұралған күйінде өзіне ынтықтыра түседі. Мақ­­­­­­­­саттың кенептерінде ойнақшыған сансыз бояулар ол кескіндеген Үш­қоңыр тауының кө­рінісі, Түрген шатқалы, Шарынның ға­жайып ал­қызыл өңірі болып көз алдыңда құл­пырады.  «Алатау» болып, «Хан тәңірі» секілді асқақтайды. Суреттері сұ­лу сымбатымен «Медеу», «Батан шат­­­­­қалы», «Баум тоғайы», «Қысқы тау­­­лар» секілді әдемі ойнақшиды. Ке­рім­сал кейіптегі көріністер ынтыға қа­ратып, ой құрсауындағы сізді де тер­бете түскендей ғұсни ойлармен мау­жыратып жібереді. Суретшінің кенеп бетіне түскен «Қызғалдақтары», «Қазақ даласы» керім бояуларымен, көкорай келбетімен тәнті етеді. Даладан самал соғып тұрғандай жү­рек тұсыңыз лүпілдеп ерекше се­зімге бөлегендей жадырай түсесіз. Ала­таудың шатқалынан кеудені керіп, аң­қылдай керімсал лебі еседі. Айқай, керімсал!.. Оймышталған оюларды, көкіректі тербеген шежірелі нақыш­тарды жеткізгендей... 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ