Биыл «Нұр Отан» партиясына 20 жыл толды. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халық пен биліктің арасын жалғастырған «Нұр Отан» партиясына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының беделі мен мәртебесі зор деп есептеймін.
«Нұр Отан» партиясы жетекші саяси партия ретінде Елбасының жыл сайынғы жолдауларын, мақалаларын, аппараттық насихаттау жұмыстарын жүргізіп келеді. Партиялық жобалардың тиімді іске асырылуы арқылы да «Нұр Отан» партиясы жаңа мүмкіндіктер мен партияны жаңғырту аясында тың бастамаларды қолға алды. Съезде қабылданған шешімдер мен бағдарламалық құжаттардың орындалатынына сеніміміз мол.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлтаралық келісім тұрақтылығы, қазақстандықтардың әл-ауқа-
тының жақсаруы және еліміздің халықаралық деңгейдегі беделінің нығаюы мемлекетіміздегі партиялық жүйенің тікелей дамуымен де тығыз байланысты. Мұны уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Өйткені елдегі партиялық жүйенің сауатты дамуы – саяси тұрақтылық пен қоғамның біртұтастығының кепілі. Дамыған демократиялық мемлекеттердің әлемдік тәжірибесі сол елдердегі көшбасшы саяси партиялар басты екі факторды ұстанатынын көрсетеді. Біріншісі – ел тұрғындарының көпшілігінің мүддесін көздеу, сайлаушыларды қолдаудың жалпыұлттық деңгейін бағыт етіп алу. Екіншісі – партиялар елдің жалпы саяси бағытында айтарлықтай тактикалық айырмашылық пен стратегиялық қарама-қайшылықтарға қарамастан бірлік пен бірізділікті қамтамасыз етуі тиіс. Дәл осындай ұстаным елдегі саяси жүйенің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Міне, осыны негізге алған көшбасшы «Нұр Отан» партиясы елімізде атқарылып жатқан істерге жауапкершілікті өз мойнына ала алатындай жаңа үлгідегі жалпыхалықтық партияға айналды. «Нұр Отан» партиясы мен Азаматтық қоғам институттары күш-жігерін біріктіре отырып, көкейкесті мәселелер мен олардың шешу жолдарын анықтап қана қоймай, оларды іске асыруды қамтамасыз етуде. Партия тұғырнамасында белгіленгеніндей, ел экономикасын жақсарту мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәрізді бағыттарда партия депутаттары жұмыс істеуде.
Жиырма жылдық мерейтой – өткенге ой қорытатын, болашаққа нақты жоспар жасайтын уақыт. Қазіргі уақытта партияның келешек мақсат-бағдары анық. Ол – еліміздің әрбір азаматы үшін мықты әлеуметтік кепілдемелері бар экономикалық дамыған мемлекетті құруға бағытталған айғақты жол. Биліктегі партияның абыройы тарихи жауапкершілікті мойнына алып, кемел келешекке кепіл болуымен өлшенеді. Біздің партияның саяси доктринасында айтылған «Еліміз жаңа даму кезеңіне аяқ басқан бүгінгі таңда біз ХХІ ғасырдың сын-қатерлеріне жауап беруге дайын екенімізді алға тартамыз» деген жолдар – соның айқын көрінісі.
Аққали ӘУБЕКЕРОВ,
Орал қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясы
Орал қалалық филиалы
Саяси кеңесінің бюро мүшесі
Орал