Аймақтар • 11 Наурыз, 2019

Президенттің бастамалары өзге елдерге үлгі - Тициана Чиприни

759 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Президенттің бастамалары өзге елдерге үлгі - Тициана Чиприни

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» пар­тия­сының XVIII съезінде сөй­леген сөзінде ұлттық идеяны бас­шылыққа ала отырып, алға қарай дамудың маңыздылығын атап өтті. Меніңше, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде, пар­тияның «Бақуатты қоғам: он­жылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасында толығымен көрініс табатын дамудың дұрыс бағытын таңдап, экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктерді барынша арттыра алады деп есептеймін. Біз Қазақстанның даму жолын мұқият қадағалап отырмыз. Қазақстанның ел Пре­зиденті белгілеген, 2030 жылға қарай әлемнің 30 жетекші елінің қатарына қосылу мақсатына қол жеткізетініне сенімдіміз.

Жалпы, мемлекеттің бәсе­кеге қабілеттілігін елдің әр аза­­ма­тының әл-ауқатының дең­гейі айқындайды. Осы орай­да Қазақстанның 2018 жыл­ғы рес­публикалық бюджеті­нің жар­­тысына жуығы әлеуметтік салаға бағытталғанын атап өт­кім келеді. Бұл теңдестірілген әлеу­меттік саясат халыққа кең ау­қымда қолдау көрсетудің кілті, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді жолы саналады. 

Италияда әлеуметтік қамсыз­дан­дыру ісі – өткір мәселелердің бірі. Қазіргі таңда елімізде жаңа үкіметтің билікке келуімен әлеу­меттік саясат түбегейлі өзгерді. Елдің басшылығы әлеуметтік тұ­рақтылықты қамтамасыз ету аса маңызды екеніне күмән кел­тірмейді. Реформа аясында Италия үкіметі ҚҚС-ны кө­теруді тоқтатты, зейнеткерлік жасты азайтты, сондай-ақ ең тө­менгі базалық кірісті енгізді. Қа­зақстан да осы тұрғыда бала­лар­­дың жәрдемақысын көтеру, көп­ балалы отбасылардың жағ­дайын жақсарту, тұрғын үймен қам­тамасыз ету, әлеуметтік ин­фр­а­құ­ры­лымды жаңғырту және бас­қа да маңызды өзгерістерді жү­зеге асыруды жоспарланып отыр.

Президенттің бастамалары табысты іске асырылатынына және басқа елдерге әлеуметтік бағдар ретінде үлгі болатынына сенімдімін.

Тициана ЧИПРИНИ,

Палата депутаты (Италия)