Аймақтар • 11 Наурыз, 2019

Ақтөбе әкімдігі үйі өртенген отбасыға көмек көрсетуде

976 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбі күні сағат таңғы 10-да бау-бақша учаскесінде алаңы 80 шаршы метр болатын үй жанды. Бау-бақша ұжымында орын алған жағдай туралы өңір басшысына Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралап жүрген кезінде жеткізілді. 

Ақтөбе әкімдігі үйі өртенген отбасыға көмек көрсетуде

Өрт сағат 10.42-де төтенше жағдайлар департаментінің күшімен ауыздықталып, сағат 11.04-те жойылды. Оған 11 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды. 16 жастағы жасөспірім газбен уланды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталуда.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин оқиға орнына келіп, жағдаймен танысты да Ақтөбе қаласының әкімдігіне зардап шеккен отбасыға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Сол үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Үйі өртенген жандарға уақытша баспана, азық-түлік, жылы киімдер, бірінші кезекте қолданатын заттар беріліп, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын, 2018 жылы қазан айында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аулаларды аралап шығу кезінде аталмыш отбасыға өртке қарсы қауіпсіздік нұсқалығын жүргізген.