Қазақстан • 11 Наурыз, 2019

Қазақстандық лоукестер билеті неліктен арзан?

961 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық лоукостер өзге авиакомпанияларға қарғанда билет бағасының неліктен төмен екендігін түсіндірді. Бұл туралы Азаматық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Қазақстандық лоукестер билеті неліктен арзан?

«Үнемділік бірнеше факторға байланысты. Лоукостерлер жанармайды үнемді түрде жұмсайтын жаңа ұшақтарды пайдалануды артық көреді. Бизнес класстың болмауы отыратын орындықтардың санын арттырады. Ұшақтың бір түрін пайдалануы, әлемдік қауіпсіздік стандарттарына сай болу үшін техникалық қызмет көрсетуі және экипаж оқуы бір бағдарлама бойынша өтеді. Билеттерді неғұрлым ерте сатып алсаңыз, бағасы соғұрлым арзанға түсетін болады» деп атап өтті компания.

Сонымен қатар жолаушының таңдауына қарай қосымша қызметтер ақылы. Тамақтану, жол жүгі, борттаға ұнататын орын, ұшаққа бірінші болып кіру үшін онлайн түрде ақша төлеуге тура келеді. Бұған дейін бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек лоукостер билет құны Қазақстанда Air Astana бағасынан екі есеге арзан болатындығын айтқан еді.

«Мәселен, түрлі бағытқа Air Astana билеттері шамамен 100 долларды құрайды. Бұл баға сатып алу мерзіміне байланысты өзгеріп отырады: бір апта бұрын алсаңыз - бір баға, үш күн бұрын алсаңыз - басқа баға дегендей. Fly Arystan билеттері Қазақстан бағыттары бойынша шамамен 40-45 доллар болады деп болжап отырмыз. Демек, Қазақстандағы Air Astana, BekAir, Scat компанияларынан анағұрлым төмен» деген еді ол.