Әлем • 11 Наурыз, 2019

Азаматтық авиация комитеті Boeing ұшақтары бар Қазақстан әуекомпанияларына нұсқаулық жіберді

1080 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтық авиация комитеті Эфиопиялық «Ethiopian Airlines» авиакомпаниясының ұшағымен болған оқиғаға байланысты өз паркінде Б-737 (CLASSIC, NG, Max), Б-757/767 типті әуе кемелері бар Қазақстан Республикасының авиакомпанияларына тренингтер өткізуге, процедуралар әзірлеуге, сондай – ақ тренажерлық дайындық бағдарламасына – ұшу, эшелон мен биіктікті алу сынды жұмыстар жүргізуді қолға алмақ», делінген КГА хабарламасында.

Азаматтық авиация комитеті Boeing ұшақтары бар Қазақстан әуекомпанияларына нұсқаулық жіберді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады. Қазақстан басшысы ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан адамдарға қатысты көңіл айтты.

Жексенбі күні таңертең Аддис-Абебадан Найробиге бара жатқан «Эфиопия әуе жолдары» әуекомпаниясының Боинг 737 ұшағы Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Әуе лайнерінің бортында экипаждың сегіз мүшесімен қоса 157 адам болған.  Соңғы ақпарат бойынша, ешкім тірі қалмаған.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51