Аймақтар • 11 Наурыз, 2019

Сарыағаш: Өнімнің 50 пайызға жуығы Ресейге экспортталады

1124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылына 4200 тонна өнім беретін «Жабай ата» шаруа қожалығындағы 30 гектар жердің 28 гектарына жылыжай салынған. Оның 24 гектарына қызанақ, 4 гектарына баклажан егіліпті. Жалпы алғанда 840 мың түп көшет отырғызылған.

Сарыағаш: Өнімнің 50 пайызға жуығы Ресейге экспортталады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ірі жылыжай заманауи технологиямен жұмыс істеп келеді. Жобаның жалпы құны 1,8 млрд. теңге. «Тамшылатып суару әдісін қолданудамыз. Технология бойынша сапалы өнім алу үшін тиісті жағдайдың бәрі жасалған. Бұл орайда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың берері мол. Егілген әрбір түптен 4-5 келі өнім алудамыз. Бастысы біздің тауарға деген сұраныс жоғары», - дейді қожалық төрағасы Ергеш Төребеков.

Жылыжайда 80 адам жұмыс істейді. Дайын өнім облыстан бөлек, Астана, Алматы қалалары және солтүстік өңірлерге жөнелтілуде. Тауардың 50 пайызға жуығы Ресейге экспортталады.

 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы