Қазақстан • 11 Наурыз, 2019

Теміртауда болашақ аналарға арналған клуб ашылды

938 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртауда жастар ресурстық орталығының қолдауымен болашақ аналар клубы ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Теміртауда болашақ аналарға арналған клуб ашылды

Клубтың басты мақсаты – болашақ белсенді әрі жас аналардың уақытын ұйымдастыру, балаға күтім жасауды үйрету, босанғаннан кейінгі депрессияның пайда болу себептері мен алдын алу тәсілдері туралы айту.

- Қазір біз жүкті әйелдер арасында сұлулық байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір көктем, жақын арада күн жылынады және осындай жарыс бұл уақытта өте пайдалы болады. Сонымен қатар, көбінесе жүкті әйелдер өздеріне көңілдері толмайды. Сондықтан біз осы пікірді өзгертуге көмектесеміз , - дейді Теміртау жастар ресурстық орталығының жетекшісі Алена Хегай.

Клубты құрушылар болашақ аналар достасып, бірге уақыт өткізіп, түрлі киноға, демалыс орындарына бірге барып жүреді деген ойда. Сондай-ақ олар психологтармен, акушер-гинекологтармен және педиатрлармен кездесулер ұйымдастырады.

Клубтағы келесі кездесу 18 наурызға жоспарланды.