«Аталған отрядтың шекарашылары өткен мерекенің алдында дәл осы бағыттағы LH-649 рейстен 1989 және 1995 жылғы екі Түркия азаматын ұстаған болатын. Олар Түркия республикасының арнайы төлқұжаттарының сыртқы беттерін жұлып алып, орнына шетелге шығуға рұқсат беретін төлқұжаттың сыртқы беттерін жапсырып, шекарашыларды алдамақ болған екен» делінген хабарламада.
Сондай-ақ Алматылық әуе қақпасының шекарашылары тексеруге толық қолдан жасалған құжат ұсынған 1994 жылғы Дания азаматын да ұстаған.