Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

Мұқағалиға арналған күнтізбе жасалды

1087 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған күнтізбе жасалды.

Мұқағалиға арналған күнтізбе жасалды

Күнтізбеде ақынның өлеңдері, өмірбаяны жарияланып, суреттерімен көмкерілген. Онда Мұқағалидың «Есіңе мені алғайсың», «Үш бақытым», «Мен таулықпын» деген секілді танымал өлеңдері жарияланған.

Сондай-ақ күнтізбені жасау барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Жұмақын Қайрамбаевтың, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Досбол Қасымовтың, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, суретші Бақытнұр Бүрдесбековтың салған суреттері пайдаланылған.

Күнтізбені әзірлеуге Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы атсалысқан.