Бұл құжатты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары әзірледі және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасының мақсаты балалардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін жетілдіру болып табылады.
Сондай-ақ осындай ұйымдардың функциялары нақтыланады, Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар ұсынылады. Жобада бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.
Заң жобасының негізгі жаңалығы – баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың баруына болатын объектілердің тізбесіне қосу арқылы ұлттық алдын алу тетіктеріне қатысушылардың мандатын кеңейту болып табылады.
Атап айтқанда, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңы:
- ҰАТ ерекшеліктерін регламенттейтін жаңа тараумен толықтырылады, ҰАТ қатысушылар өкілеттіктерінің және оларға қойылатын талаптардың көлемі айқындайды;
- балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту жөніндегі білім беру саласындағы уәкілетті органның жаңа құзыреті көзделеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілетін түзетулер кәмелетке толмағандарға қатысты зорлағаны және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін бас бостандығынан айыру мерзімін арттыру арқылы жауаптылықты күшейтуді көздейді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске ішкі істер, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарындағы лауазымды адамдарының құқықтарын белгілеу жөнінде, медициналық қызмет көрсету саласында кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты құқық бұзушылық әрекеттерді жасау фактілері туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама дайындауда хабарламағаны үшін бақылау жөнінде өзгерістер енгізіледі.
Сондай-ақ заң жобасына оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және заң техникасының қағидаларына сәйкес келтіруге бағытталған редакциялық және нақтылау сипатындағы түзетулер енгізілді.
Құжат Палата қарауына берілді.