Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

Сенатта «7-20-25» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды

963 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

 

Сенатта «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредитін беру бағдарламасын іске асырудағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел отырысы болды.


Сенатта «7-20-25» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина «7-20-25» бағдарламасы Елбасының өткен жылғы маусым айында іске қосылған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» орындау аясында жүзеге асқанын және Сенат депутаттарының тұрақты назарында екенін атап өтті.

Қаржы және бюджет комитеті өткен жылдың қазан айында осы мәселе бойынша мүдделі органдармен кездесу өткізді. Депутаттар Шығыс Қазақстан облысына көшпелі отырысы кезінде «7-20-25» бағдарламасының өңірде жүзеге асуының барысымен танысқан болатын.

О.Перепечинаның айтуынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыруда өзінің шешімін талап ететін белгілі бір маңызды мәселелер бар. Одан басқа, бағдарламаны дамыту мен жетілдірудің мүмкіндігі де зор. Сондықтан, осы дөңгелек үстел барлық қатысушылардың сөз сөйлеуге, маңызды мәселелер туралы айтуға және бағдарламаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Ұлттық Банктің қаржы нарығының әдістемесі департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаев 2019 жылдың басында ипотекалық тұрғын үй несиелерінің көлемі 202 млрд. теңгеге (17,9%) ұлғайып, 1,3 трлн. теңгені құрағанын айтты. 2018 жылы ипотекалық тұрғын үй қарызының көлемі бір жылда 168 млрд. теңгеге (47%) ұлғайып, 525 млрд. теңгені құрады. Жалпы алғанда, Тұрғын үй құрылысы жинақ банкісіның қарызы 360 млрд теңгені (69%), басқа банктердің несиелері 165 млрд.теңге (31%) болды. Ұлттық банктің деректері бойынша банктердің ипотекалық несие беру көлемі бір жыл ішінде (Тұрғын үй құрылысы жинақ банкісін есептемегенде) 2,5 есеге (98 млрд. теңгеге) ұлғайды.

Д.Сәлімбаев «7-20-25» бағдарламасының іске қосылуы және қосымша шаралар ипотека нарығының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бергенін, соның арқасында мыңдаған азаматтар өздеріне тұрғын үй сатып алғанын атап өтті.

«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Алтынбеков 2019 жылдың 12 наурызына дейін жалпы сомасы 117,7 млрд.теңгеге 10 321 өтініш берілгенін хабарлады. Олардың ішінде банктер шамамен 70 млрд. теңге болатын 5 983 өтінішті мақұлдады. Қазіргі уақытта бағдарламаға еліміздің барлық аймақтарын қамтитын екінші деңгейлі 8 ірі банк қатысуда. Қ. Алтынбеков «7-20-25» бағдарламасының дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселе ретінде еліміздегі жаңа тұрғын үйлердің жетіспеушілігін атап өтті, ол әсіресе ел аймақтарында сезіліп отыр. 2019 жылы қажет болатын пәтер 16 мыңға жуық.

Баяндамашы «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын талдау деректерін келтірді. Несиенің орташа сомасы 11,7 млн. теңгені, орташа мерзім 19,9 жылды құрайды. Қарыз алушылардың ең үлкен санаты - теңге несие бойынша ай сайын 60-80 мың төлейтін, жалпы соманың 22%-ы болады. Қарыз алушылардың 21%-ы 80-100 мың теңге төлейді. Осылайша, қарыз алушылардың шамамен 60%-ының ай сайынғы төлемі 100 мың теңгеден аспайды.

К. Алтынбеков екінші нарықта жылжымайтын мүлік сатып алуға несие алуға мүмкіндік беретін «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақов елімізде жүзеге асып жатқан тұрғын үй және ипотекалық бағдарламалардың ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 113 мың отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді, бұл 2017 жылғы деңгейден 12,8% жоғары. Әкімдіктер осы бағдарлама бойынша бір адамға 100 мың теңге болатын тұрақты табыстары бар әлеуметтік сала мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне несиеге берілетін тұрғын үй салуда.

Б.Қашақовтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы жұмыс істейтін адамға тұрақты табысы 150 мың теңгеден асатын төлем қабілеті бар халықты қамтиды. Олар 25 миллион теңгеге дейінгі жаңа тұрғын үйді таңдай алады.

Баяндамашы «7-20-25» бағдарламасының қолжетімділігін арттыру жөнінде қабылданған шаралар туралы депутаттарды хабардар етті. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдерге, дәрігерлерге, полиция қызметкерлері және аймақтардағы сұранысқа ие басқа да мамандарға тұрғын үй сертификаттарын беру тетігін енгізу мақсатында тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға түзетулер енгізілетінін атап өтті. Сертификаттарды беру бастапқы жарнаны жабу үшін 1 миллион теңгеге дейінгі бюджеттік несие түрінде әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асырудағы өз аймақтарындағы проблемалары туралы Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Нұрлан Иманалин, Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасының бастығы Марат Оразалы хабардар етті.

Сенат депутаттары Ерболат Мұқаев, Нұрлан Қылышбаев, Ғұмар Дүйсембаев, Әли Бектаев, Сергей Плотников, Бақтыбай Шелпеков талқылауға қатысты. Олар жас отбасыларға ипотекалық кредит берудің қолжетімділігі, екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық несие беру мүмкіндіктері, «7-20-25» бағдарламасының қағидаларын қайта қараудың дұрыстығы, «7-20-25» пен «Баспана Хит» бағдарламаларының аймақтардағы іске асырудың тиімділігі туралы айтты.