Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

«Алматыкітап баспасы» электронды оқулықтарды енгізуге байланысты байқауды бастады

1720 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Алматыкітап баспасы»www.opiq.kz платформасында электронды оқулықтарды енгізуге байланысты байқауды бастады.

«Алматыкітап баспасы» электронды оқулықтарды енгізуге байланысты байқауды бастады

«Алматыкітап баспасы» Алматыдағы Кітап үйіндеwww.opiq.kzплатформасында электронды оқулықтарды енгізу жөніндегі конкурстың басталғаны туралы арнаулы шара барысында жария етті.

Бұл баспа электронды оқулықтарды енгізуді 2018 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанның 11 мектебінде қолға алған болатын. Алғашқы сабақ Елбасының қатысуымен Астана қаласындағы №85 мектепте өткен-ді.

Қазір қанатқақты жобаға Қазақстанның 5 облысындағы 11 мектептен 350 мұғалім мен 1 мың оқушы қатысып отыр. Ал www.opiq.kzплатформасында жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 3, 5, 6, 8 сынып оқулықтары орналасқан. Электронды оқулықтар интерактив мультимедиа материалдарына өте бай. Электронды оқулықтар тапсырмаларды барынша қамтуға мүмкіндік береді және автоматты түрде тексеру режимімен жабдықталған.

Байқау ұйымдастырушылары www.opiq.kzплатформасындағы электронды оқулықтар оқушының қажеттіліктеріне бейімделіп, мұғалімге де оқу үдерісін барынша тиімді құруға септесетініне сенімді.

Электронды оқулықтарды қолдану барысында әртүрлі әліппе базасында қатарлас мәтіндерді оқуға болатындықтан, бұл мемлекеттік тілдің кириллицадан латын әліпбиіне өту үдерісін барынша оңайлатады.

– Электронды оқулықтар қағаз оқулықтарды түгелдей ауыстырады деген сөз жоқ. Оқулықтағы білім баланың жас ерекшелігін ескере отырып берілген. Бір ғана тақырыппен таныса отырып, тура осы тақырыптағы басқа сыныптарда қамтылған оқу материалдарын да көруге оқуға, тыңдауға мүмкіндік алады. Пәнаралық байланыс дегеніміз осы, – дейді «Алматыкітап» баспасы қазақ редакциясының бас редакторы Өмірзақ Әбдішүкірұлы.

Астанадағы №62 мектеп лицейінің ұстазы Алма Тұрғанбекова: «Электронды оқуылықтардың артықшылығы, кітап тасудың тасудың қажеті жоқ. Онымен кез келген гаджет арқылы оқушы үй тапсырмасын орындай алады. Бұрынғы мүмкін болмаған жағдайға осы opig.kz арқылы қол жеткізіп отырмыз» дейді.

Сонымен бұл шараға Астана, Алматы, Тараз қалаларындағы мектептердің мұғалімдері мен ата-аналары, білім басқармалары өкілдері қатысып, электронды оқулықтардың мүмкіндіктерін көрді.

Конкурстың басталуына орай өткен салтанатты оқиғаға Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хейти Мяемеэс мырза, «Алматыкітап баспасы» баспасы Директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталова, «Алматыкітап баспасы» баспасының президенті Гаухар Саймасаева, «AVITA» баспасының жетекшісі Ли Крийска қатысты.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ