Әзірге бұл қосымша рейстер 20 және 21 наурызға жоспарланған. Олар Қаражал, Павлодар, Киевка, Атасу , Жезқазған, Шымкент, Алматы, Қызылорда, Балқаш және Ақтоғай бағыттары бойынша жүреді. Наурыздың 20-ы күнгі рейс кешкі уақытқа белгіленді.Ал наурыздың 21 күні рейс таңертең және кешкі уақытқа белгіленді.
Қажет болған жағдайда рейстер саны мен жолаушылардың сұрауы бойынша бағыттар да көбеюі мүмкін.
Әзірге 22 наурыз күніне қосымша автобустар кестесі әлі анықталмады.