14 Наурыз, 2019

Елбасы шейх Заид мешітінде болды

985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шейх Заид мешітіне барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы шейх Заид мешітінде болды

Мемлекет басшысы Әбу-Да­би қаласындағы Біріккен Араб Әмір­лік­терінің көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітін аралап көріп, осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ме­шіт ғимаратының сәулет ерекшелігімен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мешітке бір уақытта 50 мың адам сыяды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы 17 400 шаршы метр.