09 Маусым, 2012

Шарайна

310 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шарайна

Сенбі, 9 маусым 2012 7:28

ҚАРЫЗ АДЫМ АШТЫРМАЙ ОТЫР

Еуропадағы Германия мен Франциядан кейінгі экономика саналатынИталияда өнеркәсіп өнім­дерін өндіру сәуір айында наурызбен салыстыр­ған­да 1,9 пайызға азайған. Млрд.-таған еуроны құрай­тын бұл көлемсарапшылардың күткен болжамынан төрт есе төмен.

Ол еуроаймақтағы қарыздық дағдарыстың тереңдей түсу салдарынан болып отыр. Сарапшылар 0,5 пайызға ғана құлдырау болады деп болжаған екен. Қазір елдегі жұмыссыздық деңгейі де соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен.

 

Сенбі, 9 маусым 2012 7:28

ҚАРЫЗ АДЫМ АШТЫРМАЙ ОТЫР

Еуропадағы Германия мен Франциядан кейінгі экономика саналатынИталияда өнеркәсіп өнім­дерін өндіру сәуір айында наурызбен салыстыр­ған­да 1,9 пайызға азайған. Млрд.-таған еуроны құрай­тын бұл көлемсарапшылардың күткен болжамынан төрт есе төмен.

Ол еуроаймақтағы қарыздық дағдарыстың тереңдей түсу салдарынан болып отыр. Сарапшылар 0,5 пайызға ғана құлдырау болады деп болжаған екен. Қазір елдегі жұмыссыздық деңгейі де соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен.

АЖАЛ АЯҚ АСТЫНДА ДЕГЕН ОСЫ

Боливияда Чикалома қаласынан Ла-Пасқа бет алған жолаушыларавтобусы 100 метрлік биіктіктен шы­ңы­рауға құлаған. Оның ішіндесаяхатқа шыққан 14 пен 23 жас аралығындағы студенттер мен оқушыларболған.

Апат салдарынан 18 адам бірден көз жұмып, 32-сі ауыр жарақаттар алған. Көз көргендердің айтуына қарағанда, автобус өзге мәшинеге жол беремін деп жиекке тақалған, сол кезде астындағы топырақ қабаты езіліп кеткен. Құздан құ­лаған автобус жол бойғы тастарға соғылып, әбден қираған.

 

БЕЛГІЛІ ДИССИДЕНТТІҢ ӨЛІМІ НЕДЕН?

Қытайда әйгілі Тяньаньмэнь оқиғасына қатыс­қан, кейінгі жылдарыкәсіподақ белсендісі болып, билікке жақпай жүретін Ли Ван Янның денесіау­ру­ханадағы бөлмесінен өлі күйінде табылған. Билік оны өзі асылыпөлді деп жарияласа да диссиденттің достары мен туыстары бұған сенбейотыр.

63 жастағы ақыл тоқтатқан адамның мұндай қадамға ба­руы мүмкін емес деседі олар. Оның үстіне мәйіт асулы күйде табылғанда аяғы жерге жетіп тұрған көрінеді. Медицина қызметкерлері асулы тұрған мәйітті суретке де түсірт­пепті. Марқұмның жақындары мен достары ажалдың неден болғанын анықтайтын ресми комиссия құруды талап етуде.

 

СИРИЯ ТЫНЫШТАНА АЛМАЙ-АҚ ТҰР

Бейсенбіден жұмаға қараған түні Сирияда болған үлкен атыстан кемдегенде 80 адам көз жұмды. Оппозиция бұл өкімет әскерлерінің Хамамаңын біржақты атқылауынан болды десе, билік тарапы бұл сырттанкелген террористердің әрекеті дегенді көлденең тартып отыр.

Оппозицияның бірінен бірі өткен сұмдық хабарларына қарағанда, әскер алдымен танкіден атып, сосын Әл-Кубейр мен Маарзавқа кірген-міс. Екі елді мекенде де қырылған адамдардың мәйіттері табылған. Бұл елдегі тыныштықты қайтсе де бұзып, арандату мақсатымен сыртқы күштердің жасаған әрекеті деген пікірге тоқталатындар көп.

 

МҰНАЙ БАҒАСЫ ТҮСІП БАРАДЫ

Нью-Йорктің тауар биржасында мұнай бағасы екі күн қатарынантөмендеді. Соның ішінде WTI мар­ка­сының фьючерлік бағасы 2,6 пай­ызғаарзандап, бір барреліне 82,6 доллар болды. Ал Brent марка­сы­ныңбағасы 1,6 пайызға төмендеп, 98,3 долларға түсті.

Бұлай төмендеу соңғы рет 1988 жылы байқалған еді. Бұл инвесторлардың Қытайдың макроэкономикалық көр­сеткіштері әлсіз деп болжайтындығына байланысты болып отыр. Мұнай бағасының құлдырауын Қытайдың Орталық банкінің қайта қаржыландыру ставкасын төмендету туралы шешімі де тоқтата алмады.

 

ПЕРУДЕ ТІКҰШАҚ ЖОҒАЛЫП КЕТТІ

Перуде бортында 11 шетел азаматы бар тікұшақ жоғалып кетті. Ең соңғырет ол байланысқа Мазуко қаласынан ұшып шығып, Кускоға беталғандығы туралы 6 шілде күні шыққан екен.

Шетелдік азаматтардың арасында сегіз оңтүстіккорея­лық, және бір-бірден Чехия, Швеция және Нидерланды азаматтары бар көрінеді. Бұлардан басқа үш адам перулік экипаж мүшелері. Қазір жергілікті билік жоғалғандарды іздестіру үстінде.

Қысқа қайырып айтқанда:

* Ресей рублі күшейіп келе жатыр деген сөз екі аптаға да созылмады. Кеше ол күрт төмен құлдырады. Ал доллар мен еуроның әрқайсысы 50 тиынға қымбаттады.

*Чешенстан президенті Рамзан Қадыров аймақ басшылары екі мерзімнен артық отырмайды деген жаңа заңға өзінің қарсы еместігін білдірді. Ал 31 мамырда Чешенстан парламентінің басшысы Д.Абдурахманов президентті екі мерзіммен шектеу­дің қажетсіздігін айтқан болатын.

*Украинада қауіпсіздік қызметінің бұрынғы тергеушісі 120 мың долларға тең болатын мүліктік дәлелдің көзін құртқаны үшін сотталды. Днепропетровск қаласының соты оны 8 жыл мерзімге бас еркінен айырып, офицер атағын да алып тастады.

*Литва Сеймінде К.Масюлис деген депутат Вильнюс­тегі Жасыл көпірдің үстіне қойылған мүсіннен кеңестің символы болған балға мен орақты алып тастауды ұсынды.

*Қырғыздың Шу облысындағы Шалдуар айылында пара алып жатқан жерінде милиционерді ұстау операциясы жаппай төбе­леске ұласқан. Операцияны ұлттық қауіпсіздік комитетінің қыз­мет­керлері іске асырмақ болған екен.

*АҚШ-та президент сайлауының додасы басталып кетті. Үміткердің бірі, Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромни өзінің серігі ретінде бұрынғы қарсыласы Рон Полдың баласын атады.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.