13 Маусым, 2012

Шарайна

267 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шарайна

Сәрсенбі, 13 маусым 2012 7:29

ДАМАСКІНІҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҰРЫС

Үкімет әскерлері мен бүлікшілерден жасақталған қарулы топСирияның астанасы – Дамаск қаласының орталығында алғаш ретбірнеше сағатқа созылған ұрыс қимылдарын жүргіздіҚарсыласушытараптар негізінен ату қарулары мен гранатометтерді қолданған.

 

Сәрсенбі, 13 маусым 2012 7:29

ДАМАСКІНІҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҰРЫС

Үкімет әскерлері мен бүлікшілерден жасақталған қарулы топСирияның астанасы – Дамаск қаласының орталығында алғаш ретбірнеше сағатқа созылған ұрыс қимылдарын жүргіздіҚарсыласушытараптар негізінен ату қарулары мен гранатометтерді қолданған.

12 сағатқа созылған қарулы қақтығыс белгілі бір жақтың айқын басымдығынсыз аяқталған. Жалпы, бұрындары ұрыс қимылдары тек ел астанасының шеткері аймақтарында ғана жүргізіліп келген еді. Тұтастай алғанда, соңғы апталарда Сириядағы ахуал айтарлықтай ушыға түсті.  Қаза тапқандар саны көбеймесе, азаяр емес.

ДЖААР ҚАЛАСЫН БОСАТЫП АЛДЫ

Йемен армиясы  исламистерден елдің оңтүстігіндегі Джаар  қаласынбосатып ал­­­ғанҰрыс салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапқан.Олардың 20-сы содырлар болсақалған 4-уі йемендік әске­рилеркөрінеді.

Сөйтіп, исламистер Шукра қаласына қарай ойысқан. Кейбір деректерге қара­ғанда, Шукрада көптеген исламистер бой тасалап отырған секілді. Қазіргі кезде Йемен басшылығы елдің оңтүстігіндегі Абьян провинциясын өз бақылауына қайтару үшін операцияларды бас­таған. Бүгінде Йеменде билік үшін талас осылайша қару қолдану арқылы жалғасып жатыр.

МӘСКЕУДЕ «МИЛЛИОНДАР МАРШЫ» ӨТТІ

Ресей астанасында марш басталмас бұрын бірқатар көрнектіоппозицияшылардың үйі тінтуге ұшырапөздері прокуратурағашақырылғанына қарамастаналдын ала белгіленген акция уақытындаұйымдастырылдыҰйым­дастырушылардың сөздеріне қарағанда,маршқа 10 мың­нан 20 мыңға дейін адам қатысқан.

«Миллиондар маршы» Пушкин алаңынан басталып, Сахаров даңғылында 3 сағаттық митингпен мәресіне жетті. Осы оқиғаға орай Мәскеуде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жалпы алғанда, қалада тәртіп сақтауға 12 мың полиция қыз­меткері тартылған. Оппозицияның акциялары кеше сондай-ақ Ресейдің басқа да қалаларында болып өтті.

УГО ЧАВЕС ПРЕЗИДЕНТТІКТЕН ҮМІТКЕР

Венесуэланың  іс басындағы прези­ден­ті Уго Чавес 11 маусымда прези­дент­тікке кандидат ретінде тіркелді. Ол 1999 жылдан бері осы елдің президенті болып табылады. 57 жастағы саясаткер өзінің ба­ғын тағы бір мәрте сынап көрмек.

Венесуэладағы кезекті президенттік сайлау  үстіміздегі жылдың 7 қазанына белгіленген. Чавес прези­денттіктен үміткер ретінде тіркелген күні ел астанасы – Каракас қаласының көшелеріне оның мыңдаған жақтастары шығып, қолдау білдірді. Чавес олардың алдында 3 сағат сөз сөйлеп қана қоймай, халық әнін шырқап, би биледі. Үміт­кердің соңғы уақытта рак ауруымен алысып келе жатқаны да белгілі.

ПОЛИЦИЯНЫ ТОНАДЫ ДЕП АЙЫПТАДЫ

Ресей полициясы тележүргізуші Ксения Собчактың үйіне тінту жүргізген болатын.  Бұл әрекетті үй иесі шектен шыққандық деп бағалады. Тінту «Миллиондар маршындағы» тәртіпсіздіктер ісіне орай жүргізілген болатын. Оның айтуынша, таң атпай үйге басып кіргендер пәтерді тонап кеткен.

Кейін тележүргізуші өзінен шамамен 2 миллионға жуық еуро тартып алынғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде «Интерфакс» агенттігі хабарлады. Басылым дерек көзінің айтуынша, жаңа оппозициялық акция қарсаңында үйде осыншама көп ақша не үшін сақталғаны анықталуы тиіс. Бұған Собчактың уәжі де дайын: «Менің жылдық табысым 2 миллион еуродан асады, егер мен банктерге сенбейтін болсам, ақшаны үйде сақтауыма құқым бар емес пе?» дейді ол.

 20 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ДЕҢГЕЙГЕ КЕДЕЙЛЕНДІ

Орташа америкалық отбасының әл-ауқаты 2010 жылы 77,3 мың долларды құраса, бұл 1992 жылдан бергі ең төменгі деңгей болып табылады. Бұл жөнінде АҚШ-тың Федералдық резервтер жүйе­сінің есебінде хабарланған. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2007 жылы бұл көрсеткіш 126 мың доллардан жоғары екен.

Табыстың төмендеуімен байланысты америкалықтар сатып алу үдерістерін де азайта бастаған. Алайда, тұтыну шығыны айтарлықтай жоғары деңгейде қалып отыр екен. Тұтыну шығындарының жоғарылығы бұдан бұрын алынған несиелерді төлеумен байланыстырылады. Соңғы 3 жылда орта таптың табысы 12,1 пайызға құласа, бай отбасылардың әл-ауқаты бар болғаны 1,4 пайызға төмендеген.

Қысқа қайырып айтқанда:

Львов қаласының мэрі Андрей Садовый УЕФА-ға Еуро-2012 матчтарынанрепортаждарды шұғыл түрде тек украин тілінде жүргізуді қамтамасызету туралы талаппен шықты. Қалабасын Ирландия және Хорватияқұрамалары арасындағы ойынды трансляциялау орыс тілінде жүргізілгеніашындырса керек.

ЕО-ның Тәжікстандағы өкілдігі осы елден атташе Малика Малки меноның зайыбы Джалол Казуды шығарып жіберу туралы шешімқабылдады. Тәжікстан милициясының мәлім­деуін­ше, шетелдіктерөткен аптада ішімдікке тойып алып, қоғам­дық тәртіпті бұзған, онымен қоймай, милиция қызметкерлерін соққыға жыққан.

Миллиардер Уоррен  Баффеттің Berkshire Hathaway инвести­циялыққорының иелігіндегі  NetJets авиакомпаниясы АҚШ-тың Cessna жәнеКанаданың Bombardier компанияларынан 425 ұшақ сатып алатын болды. Келісім сомасы 9,6 миллиард долларды құрайды. Ұшақтарды жеткізу 2014-2015 жылдарға жоспарланыпты.

Ресейдің Орынбор облысындағы әскери қоймадан өрт шықты. Оқиғасалдарынан 700-ден астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Өртбасталғалы бері оны сөндіру үшін шамамен 1200 адам және 210 бірліктехника, оның ішінде өрт пойыздары, ұшақтары мен тікұшақтарытартылыпты. Жары­лыс­тан зардап шеккен үйлердің иелері кісі басы10 мың рубльден өтемақы алатын болады.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.