Қазақстан • 14 Наурыз, 2019

Роллан Садықов сноубордтан Болгария чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

879 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшы Роллан Садықов сноубордтан Болгария чемпионатын сәтті аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Роллан Садықов сноубордтан Болгария чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Паралелльді гигант-слаломда Садықов екінші орын иеленді. Ол сноубордан әлем кубогінің жалпы есептегі жеңімпазы, болгариялық  Радослав Янковтан ғана ұтылды. Үшінші орында Украина өкілі Микола Бело. 

Роллан Садықовтың  аталған турнирде жиған ұпайы келесі жылы сноубордтан өтетін әлем кубогіне қатысуға мүмкінік береді.