Мерекеге байланысты алдын ала Маңғыстау облысы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі бойынша шара ұйымдастырушыларға түсініктеме жұмыстар өткізілді. Отпен қауіпсіз жұмыс жасауға, газды баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерді сақтауға ерекше назар аударылды.
Отпан таудағы өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуде Департаменттің жеке құрамы үгіттеу барысында өрттерден азаматтардың жеке мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету, адамдар өлімінің алдын алу, өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту үшін 150-ден аса азаматтарға түсіндіріп, өртті болдырмау талаптарын сақтау бойынша газды баллондарды, электр жабдығын пайдалану жайлы 30-дан астам адамды қамтыған 2 жүрмелі дәріс өткізілді.
Салтанатты шара өткізілетін жерге профилактикалық жұмыстар жүргізудің негізгі бағыттарынның бірі азаматтардың арасында 100 данадан астам үгіт– насихат материалдары - жаднамалар, кітапшалар, нұсқаулар таратылды.
Өрт сөндіру автомобилдерінде дыбыс зорайтқыш құрылғы арқылы жүріп сөз сөйлеу әдісін пайдалана отырып, шарадағы өрт қауіпсіздігін алдын алу және онымен күрестің негізгі бағыттары жеткізілді және бұл жұмыстар Амал тойы шарасы соңына дейін жалғасады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Маңғыстау облысы