Көрмеде Қазақстан тарапынан жалпы аумағы 69 шаршы метр жеке көрме стенді ұсынылуда. Жерлестеріміз Қырғызстан және Өзбекстан елінің стендтерімен қатар орналасты, яғни, бірыңғай шығыс стилін сақтау мақсатында. Көрменің ресми серіктесі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, туристік индустрия мен туризм бизнесі өкілдеріне арналған қаражат бөліп отыр. Экспоненттерге арналған алғышарт – жоғары сапалы таратылымдар мен қалыптасқан туристік өнімнің болуы.
Сонымен қатар, көрме шеңберінде ақмолалық танымал палуан Сергей Цырульников облыс атынан өнер көрсетіп, ерекше әсерлі шоу ұсынуда. Делегация отандық және халықаралық нарықтардағы туризм индустриясының өкілдерімен бірқатар кездесулер және келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Egemen Qazaqstan»
Ақмола облысы