Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы орынбасары Ержан Жунісов, Шария Исмуханова қатысты.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанда дәрілік заттардың бағасына мемлекеттік реттеу енгізіледі. 12 наурызда «Ашық НҚА» порталында Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасы жарияланды, онда дәрілердің шекті бағасын қалыптастыру үшін үстеме бағаның мөлшерін талқылау үшін ұсынылған.
ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың айтуынша, бүгінгі таңда бөлшек бағалардың икемді регрессивті жүйесі әзірленді. «Дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада өткізуге арналған үстеме баға құны 500 теңгеден аз дәрі-дәрмек үшін 68% - дан бастап, бағасы 100 000 теңгеден асатын дәрі-дәрмек үшін 10% - ға дейін өзгереді. Көтерме саудада сату үшін үстеме баға көлемі 21-ден 10 пайызға дейін өзгереді», - деп түсіндірді ОКҚ баспасөз мәслихатында Людмила Бюрабекова.
«Бағаны реттеу ережелерін бұзғаны үшін айыппұл немесе фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деді комитет басшысы. Ереже жобасы ашық деректер порталында 19 наурызға дейін талқыланады.
Сондай-ақ шара барысында Людмила Бюрабекова жақында Қазақстан Республикасы ЕАЭО елдерінің аумағында алғашқы медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттың тіркеу куәлігін бергенін айтты. Бұдан басқа ЕАЭО аясында Қазақстан 2018 жылы референттік мемлекет ретінде ДЗ сараптамасын жүргізуге шетелдік және отандық фармөндірушілерден 23 өтінім қабылдады.
«2018 жылы барлығы 6,5 мыңнан астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сараптамасы жүргізілді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 18% - ға артық. Жүргізілген сараптамалардың жалпы санынан 3% (176) – тіркеуден бас тартты, яғни сапасыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстан нарығына жіберілмеді», - деді Людмила Бюрабекова.
Оның айтуынша, жыл сайын Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы Қазақстанға әкелінетін және шығарылатын дәрілік препараттардың қауіпсіздігі мен сапасына шамамен 63 мыңға жуық қорытынды береді. «2018 жылы бұл санат бойынша бас тарту саны 1% - ды немесе 863 препаратты құрады», - деді Фармация комитетінің төрағасы.
Сонымен қатар ол дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерін мониторингілеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді. 2018 жылы Қазақстанда дәрілік заттардың жанама әсері туралы 3200 хабарлама, ал 2019 жылдың алғашқы екі айында 398 өтініш тіркелді. Олардың ішінен кейбір медициналық препараттар уақытша немесе толық айналымнан алынды.
Сондай-ақ Людмила Бюрабекова отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін инвестициялық қолдау туралы айтты. «Жақында Бірыңғай дистрибьютор мен отандық тауар өндірушілер арасында 10 жылға дейінгі мерзімге келісім-шарт жасауға арналған кезекті конкурстың қорытындысы шығарылды. Конкурсқа 24 әлеуетті өнім беруші қатысты, Конкурс қорытындысы бойынша 15 отандық тауар өндірушілер 2668 медициналық бұйым түрі бойынша ұзақ мерзімді жеткізу шарттары түрінде маңызды инвестициялық артықшылықтарға ие болды», - деді ол.
ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасының орынбасары Ержан Жүнісов ОКҚ брифингінде Қазақстанда диспансерлік есепте тұрған пациенттерді қамтамасыз ету үшін тегін дәрі-дәрмек жеткізу қалай жүріп жатқанын айтты. «Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектерді жөнелту қаңтар айынан бастап жүргізілуде. Қазіргі уақытта 25,4 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Жылдың алғашқы екі айында 4,9 млрд теңге сомаға 1,1 млн рецепт жазып берілген. Олардың ішінде қазіргі уақытта 4,5 млрд теңгеге рецептілер қамтамасыз етілді», - деді Ержан Жүнісов.
Оның айтуынша, Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы 45 нозология бойынша емделушілер тегін қамтамасыз етіледі. Медициналық ұйымдар 499 дәрі-дәрмекке қажеттілік туралы мәлімдеген. Оларға 105,1 млрд теңге сомаға дәрі-дәрмектер сатып алынады. Ал 2019 жылға Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алу кезіндегі үнемдеу 19,6 млрд теңгені құрады. «Алдағы уақытта үнемделген қаражат Денсаулық сақтау министрлігінің бюджеттік комиссиясының қарауына шығарылатын болады, бұл қаражатты тапшылық анықталған жағдайда дәрі - дәрмектерді қосымша сатып алуға немесе медициналық ұйымдардың басқа да мұқтаждықтарына бөлу туралы мәселе қаралады», - деп түсіндірді Ержан Жүнісов.
Сондай-ақ ол пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тұрақты мониторингілеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі халықпен кері байланысты қамтамасыз ету бойынша жобаларға бастамашылық жасады. Пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы оны алғандығын растайтын СМС-хабарлама жүйесі, сондай-ақ 1439 нөмірі бойынша халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Бірыңғай дистрибьютордың байланыс орталығы іске қосылды.