Қазақстан • 14 Наурыз, 2019

Бала құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер қаралды

661 реткөрсетілді

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары азаматтарымен қабылдау өткізді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдауға Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрлері, Білім, Ішкі істер және Халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, облыс әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ өңірлердің тиісті басқармаларының басшылары қатысты.

Азаматтарды қабылдауға Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша 23 адам арызданды. Өтініш берушілердің барлық өтініштері азаматтарды қабылдау барысында қарастырылды. Өтініш білдірушілерге олардың проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсетілді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілге өтініш білдірген азаматтар Брейсы арнайы ортопедиялық аяқ киіммен тегін қамтамасыз ету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ЖОО, колледжде оқу кезеңінде күтіп-бағу бойынша жәрдемақы алу жасын 23-ке дейін ұзарту, сондай-ақ «аутизм» диагнозы бар балаларды қолдау және т. б. мәселелерді заңнамаға енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар облыс әкімдіктеріне әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтардың түрлі жеңілдіктер мен көтермелеулерге құқықтарын түсіндіру бөлігінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда достық көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 15:44

Шпал өндірісі іске қосылды

Экономика • Бүгін, 15:07

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар