Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Қарағандылық спортшылардың бірыңғай киімі болуы мүмкін

1351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Қарағанды облысының атынан республикалық жарыстарда өнер көрсететін спортшылардың бірыңғай спорттық киімдері болуы мүмкін. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қозғалды.

Қарағандылық спортшылардың бірыңғай киімі болуы мүмкін

Қазіргі таңда 320 спортшы республикалық деңгейдегі түрлі спорттық шараларда Қарағанды облысының намысын қорғап жүр. Бір спорттық костюмнің құнын 50 мың теңге деп алғанда, 320 спортшыны киіндіру үшін бюджеттен қосымша 16 миллион теңге қарастырылуы керек екен.

Мәслихат депутаттарының пікірінше, Қарағанды облысының имиджін көтеру үшін спортшылар бірыңғай форма киюі керек. Олар бұл мәселені комиссияда ресми түрде көтермекші.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды