«Балалардың аяқ алысы өте жақсы. Көңілімнен шықты. Жарысқа бес спортшы апардық, бесеуі де алтыннан алқа тағып, алыс Америкада еліміздің байрағын желбіретті. Бұдан артық не керек? Барлығы өз жұмыстарын 100 пайыз атқарып шықты. Бұл жерде көп сөздің қажеті жоқ, нәтижеге көз салу жеткілікті. Әлемдік дода басталарға дейін спортшылардың үздік үштікке енеріне сенімді едім. Алайда, барлығы алтын алады деп күтпегеніміз рас. Қорытынды нәтиже бәріміздің көңілімізден шықты. Енді жақсылап тынығып, қаланы бір аралап қайтуды жоспарлап отырмыз», - дейді Бақыт Ахметов.
АҚШ-тағы әлем чемпионатында Ақмолда Сайрамкез, Сайхан Тайсуев, Сәпи Есенгелді, Рахат Бекболат және Ольга Пастуховалар чемпион атанды.