15 Наурыз, 2019

Сергей Ткаченко шаңғымен секіруден әлем кубогінде 41-ші нәтиже көрсетті

944 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегияның Тронхейм қаласында шаңғымен секіруден әлем кубогі кезеңі өтуде деп хабарлайды Olympic.kz. 

Сергей Ткаченко шаңғымен секіруден әлем кубогінде 41-ші нәтиже көрсетті

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысты. Олар - Сергей Ткаченко мен Сабыржан Мүмінов. 

Іріктеу қорытындысы бойынша жарыстың негізгі бөлігіне Ткаченко ғана жолдама алған. Жалпы есепте ол 41-ші орынға тұрақтады. Ал Мүмінов жарысты 61-ші орынмен аяқтады. 

«Қанатты» шаңғышылар сынында жапондық Рею Кобаяси жеңімпаз атанды. Екінші орында норвегиялық Андреас Стьернен, үшінші сатыда австриялық Стефан Крафт.