Қазақстан • 15 Наурыз, 2019

АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен шеттетілді

1140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Исламбек Әбішев қызметінен уақытша шеттетілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлады. 

АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен шеттетілді

АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, уақытша шеттету себептері әлі белгісіз. Ислам Әбішев 1956 жылдың 12 мамырында Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Шыназ ауданындағы Құтша ауылында туған. 1978 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласының әкімі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.