ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.
Іс-шара барысында Қызылорда ОПД Жергілікті полиция және Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлерімен бірлесіп борышкерлерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Қала орталығында 3 мобильді топ жұмыс атқаруда. Рейд барысында қарыздары бар жүргізушілердің тізімдері шығарылып, мобильді топтармен автокөліктері анықталған жағдайда мемлекеттік белгілер алынуда.
Іс-шара басталғалы барлығы 50-ден астам борышкерлердің мемлекеттік белгілері алынып 500 мыңнан астам теңге өндірілді.