10 Шілде, 2012

Шарайна

214 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Сейсенбі, 10 шілде 2012 7:25

Зардап шеккендер саны – 24 мың

Краснодар өлкесінің Қырым ауданындағы су тас­қы­ны салдарынан 24 мың адам зардап шеккен. Табиғат апа­тынан көз жұмғандар саны, ІІМ-нің соңғы мәлі­мет­тері бойынша, 171 адамды құрап отыр. Опат болған адамдардың отбасына федералдық бюджеттен 1 млн. рубль, өңір бюджетінен тағы 1 млн. рубль төленбекші.

 

Сейсенбі, 10 шілде 2012 7:25

Зардап шеккендер саны – 24 мың

Краснодар өлкесінің Қырым ауданындағы су тас­қы­ны салдарынан 24 мың адам зардап шеккен. Табиғат апа­тынан көз жұмғандар саны, ІІМ-нің соңғы мәлі­мет­тері бойынша, 171 адамды құрап отыр. Опат болған адамдардың отбасына федералдық бюджеттен 1 млн. рубль, өңір бюджетінен тағы 1 млн. рубль төленбекші.

Краснодар өлкесіндегі су тасқынына шелектеп жауған нөсер жаңбыр себеп болған еді. Ресей президенті Владимир Путин аптаның соңына дейін Кубаньдағы гидротехникалық құрылыстар жұмысына сараптама жүргізіп, өзіне ұсынуды талап етті. Жалпы, үлкен шығынға әкелген апатқа гидро­тех­ни­калық құрылғылардағы кінәраттар себеп болған секілді.

 Асад АҚШ-ты кінәлі санайды

Сирия президенті Башар Асад АҚШ-ты лаңкестерге көмек көрсетуде және елдегі жағдайды тұрақсыз­дан­ды­руда деп айыптады. Асадтың сөзіне қа­рағанда, АҚШ Сириядағы жанжал­дарға дем беруші болып табылады. Сондықтан бейбіт тұрғындардың өліміне де жауап беруі тиіс.

Сирия президенті сондай-ақ Анкара оның қарсылас­тарына контрабандалық ой-пиғылдарын жүзеге асыру үшін логис­тикалық қолдау көрсетіп отыр деп Түркияны да айыптаған пікір білдірді. Сонымен бір мезгілде, Асад егер қандай да бір ел Сириядағы проблемаларды шешуге көмек­тескісі келген жағдайда, тіпті ол АҚШ болса да, есік ашық екенін мәлімдеді.

 Бір тәулікте 30 адам опат болды

Ауғанстанда 8 шілде күні бомбалардың жарылуы мен содырлардың шабуылынан тұтастай алғанда 30 адам опат болған. Олардың 7-еуі НАТО-ның әскери қызметшілері болса, 16-сы бейбіт тұрғындар, сондай-ақ араларында 5 жергілікті полиция қызметкері мен НАТО-ның 2 азаматтық қызметкері бар.

Нақтырақ айтқанда, 6 америкалық әскери қолдан жасалған мина жарылысынан көз жұмған. Одан бұрын тура осындай жағдайда тағы бір коалициялық күштердің әскери қызметкері опат болған еді. Ал бейбіт тұрғындар Кандагар провинциясында жасалған 3 жарылыстың салдарынан қаза тапқан. Жыл басынан бері Ауғанстанда НАТО-ның кем дегенде 234 әскери қызметшісі опат болыпты.

Алғашқы президент отанына оралды

Әзербайжанның алғашқы президенті Аяз Муталибов 7 шілде күні кешкісін 20 жылдық үзілістен кейін отанына оралды. Ол осынша жыл Ресейде тұрып келген еді. Елдің алғашқы басшысының оралуы парламенттің тиісті заң қабылдауына орай мүмкін болды.

Әзербайжан парламенті «Бұрынғы президент пен оның отбасы мүшелерін қамтамасыз ету туралы» заң қабылдаған еді. Сөйтіп, экс-президент қылмыстық жауаптылықтан боса­тыл­ған-тын. Бұған қоса, Муталибов ай сайын іс басындағы президент жалақысының 50 пайызы көлемінде зейнетақы алып тұратын болады. Бұрынғы президент қайтыс болған жағдайда оның зейнетақысы зайыбына көшеді.

 Ыстықтан 74 америкалық көз жұмды

Екі апта ішінде АҚШ-та аптап ыстықтан кем дегенде 74 адам қайтыс болған. Әсіресе, АҚШ-тың Орта Батысы мен Шығысы көп зардап шеккен. Бірқатар штаттарда ауаның температурасы осы мезгілдегіден айтарлықтай жоғары көрінеді.

Мәселен, Чикагода 6 шілде күні ауаның температурасы 38 градус ыстық деңгейінде болған. Сент-Луисте (Миссури штаты) 10 күн бойы осындай және одан жоғары температура ұсталып тұрған. Ал Колумбия округінде 38 градустық ыстық 8 шілдеге дейін жалғасқан. Солт-Лейк-Ситиде 11 шілде күні ауаның температурасы шамамен 40 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Қысқа қайырып айтқанда:

l Құрама Штаттар Ауғанстанға 2017 жылға дейін қар­жы­лай көмеккөрсету ниетіндеБұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысыХиллари Клинтон  Токиода ашылған Ауған­стан жөніндегі халықаралықконференцияда жария етті.

l Мексикалық әскерилер АҚШ-пен шекарада есірткі өткізу үшінпайдаланылып келген тоннель тапқанОның ұзындығы 230 метрболса, 20 метр тереңдікте қазылған екенБилік басындағылардыңмәліметінше, 1990 жылдан бері осындай 150-ден астам тоннельдертабылыпты

l шілде күні Украинаның Чернигов облысында ресейлік 43 адам мінгенавтобус апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапқан болатынЖолқозғалысы қауіпсіздігі ережелері бұзылған деген бап бойыншақылмыстық іс қозғалыпжүргізуші қамауға алынды.

l Үстіміздегі жылы Солтүстік Кореяның экономикасы 0,8 пайызға өскен. Осындай өсу көрінісі 2010 жылы да байқалған болатын. Сол жылғы өсім 0,5 пайызды құраған еді. Осылайша Солтүстік Корея экономикасы соңғы алты жылда екінші мәрте өсіп отыр. Соған қарамастан, КХДР әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып қалуда.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.