16 Наурыз, 2019

Yessenov University-де кәсіпкерлік орталығы ашылды

1788 реткөрсетілді

Ақтау қаласындағы Yessenov University-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Жастар жылына орай «Каспий» кәсіпкерлік орталығы ашылды.

Кәсіпкерлік білім беру бағытында Каспий өңірі жастарының, бизнесті жаңа бастаушы кәсіпкерлердің және оқытушылар құрамы арасында  инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, келешекте стартап идеяларды табысты бизнеске айналдыру мақсатында ашылған орталықта университетке оқуға келген студент өз мамандығы бойынша білім алып қоймай, өз бизнесін дамытуына мүмкіндік алады.

Жалпы оқу орнында жастарға қолдау көрсету жұмыстары жақсы қолға алынған. Соның нәтижесінде өткен жылдан бері өңір жастары бірнеше стартап жобаларға қатысу арқылы кәсіпкерлігін бастап, табыс әкелуде. Мысалы, Маңғыстау облыстық жастар форумында университет студенттері таныстырған «Ақылды таяқша» жобасы қазіргі таңда өте керекті әлеуметтік жобалардың бірі болып саналады.

Yessenov University студенттерінің қолданысқа қажетті жобаларды ойлап  тауып, қолдауға ие болуы қуантады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Бүгін, 10:33

Сипаты бөлек «сыпайылық»

Руханият • Бүгін, 10:07

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Ұқсас жаңалықтар