14 Шілде, 2012

Шарайна

246 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Сенбі, 14 шілде 2012 6:50

Қара күйе жағу жалғасуда

Сирия оппозициясының өкілдеріне сілтеме жасаған «Рейтер»агенттігі Сирия президенті Башар Асадқа бағыныстағы күштердіңХама провинциясындағы Тремсех елді мекеніне шабуыл жасапсоныңсалдарынан 200-ден астам адамкөпшілігі бейбіт тұрғындар болыптабыладықаза тапты деп хабарлады.

 

Сенбі, 14 шілде 2012 6:50

Қара күйе жағу жалғасуда

Сирия оппозициясының өкілдеріне сілтеме жасаған «Рейтер»агенттігі Сирия президенті Башар Асадқа бағыныстағы күштердіңХама провинциясындағы Тремсех елді мекеніне шабуыл жасапсоныңсалдарынан 200-ден астам адамкөпшілігі бейбіт тұрғындар болыптабыладықаза тапты деп хабарлады.

Оппозициядағылардың деректері бойынша, бейсенбі күні Тремсехқа артиллериядан соққы беріліп, тікұшақ және танк­термен атқыланған. Сирия басшылығы болса, өздерінің тарапына бағытталған барлық айыптауларды теріске шығарып отыр. Олардың айтуынша, армия тек лаңкестерге қарсы арнайы операциялар жасайды.

 

Иранға қарсы санкцияны кеңейтті

АҚШ-тың қаржы министрлігі мен мемлекеттік департаменті Иранныңбірқатар мемлекеттік компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізді.Жа­ңа санкциялардың 11 компания мен 4 жеке адамға қатысы бар делініп отыр.

Вашингтонның пікірінше, бұл компаниялар мен жеке адамдар Теһранның ядролық бағдар­ламасын жүзеге асырумен айналысады. Бұған қоса, АҚШ қаржы министрлігі Иран­ның өзіне салынған санкцияларын айналып өтуге көмек­тескен, сөйтіп, сауда-саттықпен айналысуына, оның ішінде мұнай сатуына жәрдемдескен әлемнің түрлі елдеріндегі 50 ұйымды анықтапты. «Қара тізімге» енген барлық компаниялар бұдан былай қарай АҚШ аумағына кіре алмайды.

 

Істі жалғастыру талап етілді

Пәкстанның жоғарғы соты елдің жаңа премьер-ми­нис­трі Раджи Первез Ашрафтан ел президенті Асиф Али Зардариге қатысты істі қайта жалғастыруды талап етті. Зар­дари Швейцария банктері арқылы заңсыз жолмен алын­ған 12 миллион долларды жылыстатқан деген күдік бар.

Соттың талабына сәйкес, Ашраф Швейцария басшы­лығына 25 шілдеге дейін Зардариге қатысты істі жаңғырту өтінішімен шығуы тиіс. Жоғарғы соттың мәлімдемесінде, егер талап орындалмаған жағдайда қолданыстағы конституция мен заңнамаларда қарастырылғанындай, премьер-министрге қатысты шара қолданылатыны атап көрсетіледі.

 

Құрметті легион орденінің командоры

Қырғызстанның бұрынғы басшысы Роза Отунбаева Құрметті легион ор­де­нінің командоры атанды. Оған құр­мет­ті атақ Франция президентінің үс­тіміздегі жылдың 20 сәуіріндегі жарлығы бойынша берілді. Бұл кезде Франция президенті Николя Саркози болғаны белгілі.

Францияның Қырғызстандағы елшісінің атап өтуінше, награда Отунбаеваның өтпелі кезеңдегі қиындықтарға қарамастан, шешімді де батыл іс-қимыл танытқан еңбегін танудың нәтижесі болып табылады. Аталған орденді ХІХ ғасырдың басында Наполеон Бонапарт тағайындаған және ол Франциядағы аса жоғары айырма белгісі болып саналады. Отставкаға кетерінің алдында қырғыздар Отунбаеваны Нобель сыйлығына ұсынған еді.

 

Ескірген танктерді сату ниетінде

Чехияның қорғаныс министрлігі жақын уақыттарда көнерген 134 Т-72 танкін сатуды бастамақ. Жалпы, чех тарабы әскери техниканы шетелдіктерге өз бетінше сата алмайды. Жергілікті заңнамаға сәйкес, әскери ведомство артық танктерді тек жеке компанияларға сата алады.

Тиісінше, келісім-шарт жасалғаннан кейін екі жылдың ішінде компаниялар техниканы қайта сатуға немесе утилизацияға жіберуге құқылы. Сатып алынған танктерді жаңғыртып, армия сапына қайта қою жағдайлары да кездеседі. Ондай танктер бүгінде, әсіресе, Африка елдерінде баршылық көрінеді. Чехиядағы барлық танктер КСРО-дан қалған. КСРО ыдыраған кезде Чехословакияның иелігінде түрлі үлгідегі 3 мыңнан астам танк болыпты.

 

Бішкекте исламист жастар ұсталды

Бішкекте «Хизб-ут-Тахрир» исламист ұйымы жастар қанаты қызме­тінің жолы кесілген. Жалпы, Қыр­ғыз­станда бұл ұйым жұмысына тыйым салынған. Рес­пуб­лика ішкі істер минис­трлігінің ақпа­раттарына қарағанда, ұйым елдегі беделді жоо-лардың сту­денттерін өздеріне үгіт­теп тартумен айналысыпты.

Басымдық аса қабілетті жастарға беріліп келген. Ал ұйымның қанша мүшесі ұсталғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алғашқы оқудан өткізілген жастардың аса белсенді мүшелері діни әдеби кітаптар таратумен айналысқан. Жаңадан алынғандарға лекциялар Бішкектің мешіттері мен саябақтарында аптасына екі мәрте оқылып келген. Ұйымның жекелеген мүшелері ай сайын 200-300 сом (4-6 доллар) көлемінде жарна төлеп отырған.

 Қысқа қайырып айтқанда:

Оңтүстік Африка Республикасында орын алған пойыз апатынан 30-дан астам адам қаза тапты. Пойыз фермаға жұмыс­шылар апара жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жүк көлігінде барлығы 50 адам болса керек.

Жапонияның оңтүстік-батысында жауған нөсер жаң­быр­дың салдарынан опат болғандар саны 18 адамға жетті. Олар­дың 17-сі Кумамото префектурасында мерт болса, біреуі Оита префектурасында көз жұмған. 8 адамның тағдыры белгісіз.

Ресейдің Мемлекеттік Думасы екінші және үшінші оқы­лым­дарда көлікті техникалық бақылаудан өткізетін талонды алып тастау жөнінде заң қабылдады. Мақұлданған заң ресми жария­ланған күннен бастап күшіне енеді.

Молдавия парламенті коммунистік режімді ресми түрде айып­тап, коммунистік символикаларға тыйым салды. Сәйкес заң жобасы 12 шілдеде өткен парламент мәжілісінде қабыл­дан­ды. Заң жобасын ұсынған – Молдавияның либералдық партиясы.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.