Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова мемлекет тарапынан көрсетілетін жаңа әлеуметтік қолдау шараларын, оларды іске асырудың мақсаттары мен тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алу ережелері туралы айтылды.
Бүгінгі таңда Маңғыстауда ең төменгі күнкөріс деңгейі -33 928 теңге. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - 23 749 теңгені құрайды. Дәл осындай соманы АӘК алуға құқығы бар көп балалы, аз қамтылған отбасылар ай сайын бір балаға алатын болады. Жалпы, Маңғыстау облысында осындай көмекті 14 211 адам, Жаңаөзенде 3 мың адам алатын болады.
Сонымен қатар, облыста атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған көп балалы отбасыларға 100 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсету туралы шешім қабылданды.
Жұмыс күнінің соңында Гүлшара Әбдіқалықова мен Бердібек Сапарбаев халықты жұмыспен қамту орталығында болды. Бұл жерде Жаңаөзен қаласында жыл соңына дейін 5260 жаңа жұмыс орны ашылатыны айтылды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazagstan»
Маңғыстау облысы