17 Наурыз, 2019

Георгий Шейко спорттық жүрістен Азияның күміс жүлдегері атанды

953 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Номи қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты аяқталып, 20 шақырымдық жарыста қазақстандық Георгий Шейко күміс медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Георгий Шейко спорттық жүрістен Азияның күміс жүлдегері атанды

Шейко аталған қашықтықты 1 сағат 20 минут 21 секундта жүріп өтті. Біздің спортшы жапондық Тошиказа Яманишиге ғана есе жіберді. Жарыс жеңімпазының уақыт көрсеткіші – 1:17:15. Үшінші орында кореялық спортшы Чо. 

Айта кетелік, Георгий Шейко 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін нормативті орындады. Жолдамаға ілігу үшін 20 шақырымды 1:21:00 уақыт көрсеткішінде жүріп өтуі тиіс.