18 Наурыз, 2019

Ленино ауылы орталыққа айналды

1181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ленино ауылы орталыққа айналды

Облыстық экономика жә­не бюджеттік жоспарлау басқар­масының мәліметінше, алдағы уақытта өңірдегі бір ауыл мен 4 ауылдық аумақ қысқартылады. Жұрты көшкен, жартылай бос қалған ауылдарды оңтайландыру нәтижесінде Май ауданындағы 30 тұрғыны бар 8 март атындағы бөлімше Қаратерек ауылына қосылады. Ертіс ауданындағы 355 адам тұратын Ұзынсу ауылдық аумағы Ағашорын ауылдық аумағына қосылса, жалпы тұрғын­дар саны 11888-ге жетеді. Ал 294 тұрғыны бар Луговое ауылдық аума­ғы Байзақ ауылдық аумағына қосылғанда адам саны 1102-ге артады. Сонымен бірге 292 тұрғыны бар Қосағаш ауылын Панфилов ауылдық аумағына біріктіру арқы­лы халық саны 1114 адамға жетеді. 

Енді бір қызықты қараңыз: Ленино ауылдық аумағын Аман­гелді батыр атындағы ауылдық аумағына қосу арқылы 652 тұр­ғыны бар ауылдық аумақтың ор­талығы Ленино болады. 

Успен ауданы Богатырь, Қа­ратай ауылдары енді Лозовое ауыл­дық аумағы деп аталады. Ал Шарбақты ауданында Алек­сан­дровка, Алексеевка, Галкино, Красиловка, Орловка, Сосновка, Хмельницкий, Чи­гиринов ауыл­дық аумақтары бар. Мұндай атаулар Железинка, Павлодар ауданы ауылдық аумақ­тарында Гри­горьевка, Еф­ре­мов­ка, Красно­армейка, Лу­ганск, Рож­дественка, Чер­норецк, Чер­ноярка ауылдық аумақтары деп жалғаса береді.

Жалпы, әкімдіктер шағын ауыл­дарды бір-біріне қосқан кезде ауыл атауларын да елдік мақсат-мүддеге сай «оңтайландыруды» бір­ге жүргізгені дұрыс болар еді ғой?!

Фарида БЫҚАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Павлодар облысы