Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Е.Біртанов: Елімізде профилактикаға арналған шығындар 4%-ды құрайды

1092 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онкологиялық көмек көрсетудің тиімділігі елдегі профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов мәлімдеді.

Е.Біртанов: Елімізде профилактикаға арналған шығындар 4%-ды құрайды

«Обырды ерте анықтау мақсатында елде онкологиялық скринингтердің үш түрі іске асырылады. Олар жатыр мойны, сүт безі және жуан ішек обырының скринингі. 2018 жылы онкологиялық скринингтердің бағдарламасы қайта қаралды. Бұған дейін жас топтары 30 жастан 70 жасқа дейін болған болса, қаржыландыруды арттыра отырып нысаналы топтарды қамту 50-ден 90 %-ға дейін кеңейтілді» деді Е.Біртанов.

Министрдің айтуынша, В гепатитіне қарсы вакцинациялау бауыр обырының пайда болуының алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша вакцинацияға жататын топтардың вакцинациялаумен тиімді қамтылуы 98,7%-ды құрайды.

«Ерте сатыдағы обырды (0-I) диагностикалауды арттыру түрінде скринингтік бағдарламалар тиімділігінің арту динамикасы байқалады. Мысалы, жатыр мойны обыры скринингі кезінде 4,5%-ға, сүт безі обыры скринингі кезінде 6,3%-ға, колоректалдық обыр скринингі кезінде 2,3%-ға арту байқалады. Халықтың ақпараттануын арттыру мақсатында 2018 жылы мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы бойынша 3,5 миллионнан астам адамды қамтыған 193 мың іс-шара өтті» деді Денсаулық сақтау министрі.