18 Наурыз, 2019

«Қобыз үні» атты ұлттық республикалық көрме өтті

1264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында орналасқан «ARAY CITY MALL»ойын-сауық кешенінде «Қобыз үні» атты ұлттық республикалық көрме өтті.

«Қобыз үні» атты ұлттық республикалық көрме өтті

Көрме Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ «QOLÓNER» ұлттық нақыш орталығы мен «ARAY CITY MALL»ойын-сауық кешенімен бірлесе ұйымдастырылды.

- Бүгінгі шара қазақтың Амал мерекесімен сәйкес келіп отыр. Көрмеге өзімнің ши тоқымадан жасалған туындыларымды алып келдім. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай озық дәстүрімізді қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастылған бұл шара біздер үшін үлкен қолдау. Осы қолөнер жұмысымен 15 жылдан бері айналысып келемін. Біздің мақсатымыз осы ұлттық бұйымдарымызды кейінгі ұрпаққа насихаттау,-дейді қолөнер шебері Злиха Қалендер.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы