Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Мемлекет басшысының тапсырмасы тиянақталуда

970 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету жайында айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы тиянақталуда

- Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көпбалалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, стипендия алып тасталады.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балаларына 18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төленетін болады, - деді Т. Дүйсебаев.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер тууы туралы куәлік, жеке куәлігі, т.б болмаған жағдайда халықты жұмыспен қамту орталықтары немесе ауылдық округтердің және кенттердің әкімдері тиісті мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратып алдыратын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарылып жатқан шаралар аз қамтылған отбасылар үшін осындай жақсылықтарымен келіп жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы