«Ол Шекара қызметінің офицеріне параны Қазақстаннан Қырғыз Республикасына қарай жанар-жағармай өнімдерін ешқандай кедергісіз өткізу үшін бермек болған. Қазір процессуалдық шаралар жүргізілуде» делінген хабарламада.
Шекара қызметі Мемлекеттік шекарадан жанар-жағармай өнімдерін ірі көлемде ғана емес, шағын көлемде де заңсыз өткізуге күн сайын тосқауыл қойып келеді. Өткен демалыс күндерінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Мырзакент, Қордай шекара отрядтарының «Жетісай-авто», «Қарасу-авто», «Ауқатты», «Сортөбе» өткізу бекеттерінде 800 литрдент астам дизель отынын, 60 литрге жуық «АИ-92» бензинін әртүрлі жолмен заңсыз алып өтпек болған 1 Өзбекстандық 3 Қырғыз Респубикасының және 1 Қазақстан Республикасының азаматтары ұсталды.