Үкімет • 18 Наурыз, 2019

Қ.Әбдірахманов Швециядағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметіне тағайындалды

819 реткөрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елші қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламада Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов - Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды делінген. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында (қазір - Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1987).

1987-91 - Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі.

1991-93 - ҚМУ аспиранты. 1993-97 - Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары.

1997 - ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары.

1997-98 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары.

1998-99 - ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

1999-2001 - ҚР сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 - Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

Сәуір, 2003 - наурыз, 2006 - Израильдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі.

3 наурыз, 2006 - тамыз 2007 - ҚР сыртқы істер вице-министрі.

Тамыз, 2007 - қыркүйек, 2008 - Австриядағы ҚР елшісі - ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі.

Қаңтар, 2008 - ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы.

Қыркүйек-желтоқсан, 2008 - ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі.

Желтоқсан, 2008 - наурыз, 2011 - ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.

Наурыз, 2011 - қараша, 2013 - Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.

2013-2016 - БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі

2016-2018 Сыртқы істер министрі

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Оралдан шыққан отызыншы кеме

Аймақтар • Бүгін, 16:05

Бабамнан қалған бағалы тәсіл

Аймақтар • Бүгін, 15:36

Ұқсас жаңалықтар