Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігіне Елші қызметіне тағайындалды

1376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Берік Арын - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігіне Елші қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне тағайындалды, делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен және Қазақстан Республикасының Бахрейн  Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.