Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Өнеркәсіп өндірісі мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 600 млрд теңге бағытталмақ

754 реткөрсетілді

«Қарапайым заттар экономикасы» мен халық тұтынатын тауарлар номенклатурасын кеңінен игері мәселелері талқыланды.

Қарапайым заттар экономикасын дамыту аясында Үкімет халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикізат пен бастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндіруді қолдап отыр. Бұл тәсіл толық қосылған құн тізбектерін арттыруды қарастырады.

«Үкімет халыққа қажет дайын шикізат өндірісін ғана емес, қажетті шикізат пен бастапқы өңдеу өнімдерін өндіруді қолдайды. Бұл тәсіл қосылған құн тізбектерін арттыруға арналған. Мысалы, «қант қызылшасы – қант – кондитерлік өнімдер», «жемдік дақылдар және ірі қара мал – жас ет және қатырылған ет – етпен тез дайындалатын тағамдар мен шұжық өнімдері» және тағы басқалар. Баламалы түрде азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарларды да дамыту қарастырылып отыр. Мысалы оған «мақта – мата – киім-кешек» сияқты өнімдер жатады», деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман СКЛЯР.

Оның айтуынша, бағдарлама нәтижесінде 2025 жылға қарай барлық 365 өнімнің өндіріс көлемі 2,4 есеге артып, нарықтағы импорттың үлесі 59%-тен 37%-ке дейін төмендейді. Олардың ішінде 247 азық-түліктік емес өнеркәсіп өнімдері бойынша өндіріс 1,5 млрд. доллардан 3,1 млрд долларға дейін (немесе 2 есеге) өседі және импорт үлесі 82%-тен 59%-ке дейін төмендейді деп күтілуде.

Тауарлардың тізімі келесі критерилерді ескере отырып, айқындалды. Атап айтқанда, импортқа тәуелділіктің жоғарылығы (5 млн. доллардан астам), отандық шикізаттың қолжетімділігі, қажетті құзірет пен технология бар, қайта өндірудің болмауы, тауар сапасын бағалайтын сынақ базасының болуы сияқты ерекшеліктер ескеріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Жақсылық жүрек жылытады

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар