18 Наурыз, 2019

«Қайрат» – ел чемпионы!

744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шағын футболдан ел чемпионы анықталды. Бұл атаққа Алматының «Қайраты» мерзімінен бұрын қол жеткізді.

 «Қайрат» – ел чемпионы!

Республика біріншілігінің 24 турында «Қайрат» Рудныйдың «Аятымен» кездесті. Алматыда өткен бәсекеде алаң иелерінің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Есеп – 5:1. «Қайраттың» сапында Ранжел екі гол соқса, Диего, Хоссейн Тайеби және Бекзат Рақымтаев бір-бір реттен мергендік танытты. Осылайша, басты қарсыласы – «Аяттан» 15 ұпай озған алматылық клуб мерзімінен бұрын ел біріншілігінің бас жүлдесін олжалады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»