Республика біріншілігінің 24 турында «Қайрат» Рудныйдың «Аятымен» кездесті. Алматыда өткен бәсекеде алаң иелерінің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Есеп – 5:1. «Қайраттың» сапында Ранжел екі гол соқса, Диего, Хоссейн Тайеби және Бекзат Рақымтаев бір-бір реттен мергендік танытты. Осылайша, басты қарсыласы – «Аяттан» 15 ұпай озған алматылық клуб мерзімінен бұрын ел біріншілігінің бас жүлдесін олжалады.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»