03 Наурыз, 2010

ТМД БАСТАУ БОЛҒАН ИНТЕГРАЦИЯ

973 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловты қабылдады.Президент Ресейді ТМД-ға төр­аға­лығының басталуымен құттық­та­ды. Н.Назарбаев Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы Қазақстанның бастамасы бойынша Алматыда 1991 жылы 21 желтоқсанда құрылғанын атап өтті. – Мен біз сол уақытта дұрыс ше­шім қабылдадық деп ойлаймын, – деп атап өтті Мемлекет бас­шысы. Н.Назарбаев сондай-ақ Кеден­дік одақты құру және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қа­лып­тас­тыру жөніндегі келісімдерді келі­сіл­ген мерзімде орындау қажеттігін атап өтті. И.Шувалов Мемлекет басшы­сын Ұлы Отан соғысындағы Же­ңістің 65 жылдығы атап өтілетін жылдағы Ресей төрағалығы кезінде соғыс ардагерлерін қолдау, сондай-ақ ғылым мен инновацияны дамы­туға көмектесу мәселелерін шешу ниетінде екендігінен хабардар етті. Осыған байланысты Ресей Дос­тас­тық бойынша серіктестерімен бір­ле­сіп көлік, энергетика, еңбек ры­ногы, білім және мәдениет сала­ларындағы жаңа жобаларды ұсыну ниетінде. – Келесі жылы ТМД құрыл­ға­нына 20 жыл толуын атап өтеді. Осы датаға орай еркін сауда айма­ғы туралы жаңа келісімдер әзірлеу қажет, – деді И.Шувалов кездесу аяқ­талғаннан кейін. Әңгімелесу барысында сондай-ақ 2009 жылы қарашада Минскіде берілген Қазақстан, Беларусь және Ресей арасында Кедендік одақ құру жөніндегі президенттердің тап­сырмаларын орындау барысы туралы сөз болды. Бұл үшін Кеден­дік кодексті қабылдау қажет. Со­ны­мен қатар, кедендік қызмет жұмысының бірлескен регламенті, бірыңғай ақпараттық жүйені құру туралы келіссөздер маңызды, ал осы­ған дейін әрбір ұлттық кеден осы ақпараттық ағынмен қалай қам­тамасыз етілетінін ойлану қажет. И.Шувалов Н.Назарбаевты Кедендік одақ комиссиясының соң­ғы отырысында қабылданған ше­шім туралы, яғни 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға қа­рай Бірыңғай экономикалық кеңіс­тікті құру жөніндегі құжаттар паке­тін қалыптастыру үдерісі бастала­тындығынан хабардар етті. Бұл біз бірлесіп күш-жі­ге­рімізді салу арқылы алға жылжи­тын интергацияның келесі сатысы, – деп атап өтті И.Шувалов. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.