Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Жастар жылын өткізуге қатысты жаңа 5 бастама жүзеге асады

779 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында айтты.

Жастар жылын өткізуге қатысты жаңа 5 бастама жүзеге асады

«Қазір Жастар жылын өткізуге қатысты Жол картасын қабылданған. Алайда, кездесуден кейінгі жастардың ұсыныстары ескеріліп жаңа 5 бастама қосылып отыр. Біріншіден: Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, «Өзіңді тап» жобасын іске қосу. Бұл жоба жас қазақстандықтардың кәсіптік бағдарын анықтау мақсатында жүзеге асырылмақ. Яғни жастарымызға өзі қызығатын дұрыс мамандық таңдауына бағыт беру» деді Министр.

Екінші бастама еліміздің аймақтарынан бүркітшілер орталығын ашуға байланысты шаралар қабылдау екенін айтып өтті.Сонымен қатар Министр жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде қазақтың атын әлемге танытып жүрген Айшолпан есімді бүркітші қыз орталық ашуды ұсынғанын айтып өтті Министр.     

Министр «Үшіншіден Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, өзін-өзі қорғау жөнінде тегін мастер-кластар өткізу, жастарға арналған спорттық клубтарды дамыту бойынша тиісті шаралар қабылдау» керегін айтып өтті.