27 Наурыз, 2019

Қ.Тоқаев үштілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді

899 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.

Қ.Тоқаев үштілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.
«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан Президенті.