27 Наурыз, 2019

Футзал: Жас өрендер жолдама үшін таласады

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футзалдан жасөспірімдер арасындағы Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде Қазақстан құрамасы Францияға қарсы ойнайды. 

Футзал: Жас өрендер жолдама үшін таласады

Финляндияда жалауы желбірейтін жарыста командамыздың аға жаттықтырушысы Қанат Танақбаев мына шәкірттеріне сенім артты: Қақпашылар – Нарын Серіков («Қайрат») пен Бақдәулет Өмірзақов («Аят»). Ойыншылар – Бекзат Төлеутай, Вадим Пастарнак («Аят»), Әлішер Сәрсенбаев, Нұрсат Көшербаев, Ербазы Қуанышбек («Інжу»), Марк Ким, Бекзат Рақымтаев, Темірлан Қатубаев, Әсет Сағынаев және Ертуған Төлеубеков ( «Кайрат»).  

Жерлестеріміз келесі кездесуде ертең Польшаға қарсы ойнайды. 30 наурызда Финлияндиямен күш сынасамыз. Ал өзге топтарда мына командалар өзара шеберлік байқасуда:

2 топ – Әзірбайжан, Словения, Голландия, Кипр

3 топ – Португалия, Сербия, Босния мен Герцеговина, Молдова

4 топ – Украина, Румыния, Бельгия, Македония

5 топ – Испания, Венгрия, Грузия, Түркия

6 топ – Ресей, Чехия, Беларусь, Грекия

7 топ – Италия, Хорватия, Словакия, Англия

Биылғы жылдың соңында Латвияда өтетін Еуропа біріншілігіне жоғарыда аталған жеті топтың жеңімпазы атанған командалар ғана жолдама алады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»