27 Наурыз, 2019

Шымкентте көп балалы аналарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ашылды

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII cъезінде Елбасының халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмасына орай Шымкентте көп  балалы аналарға қызмет көрсететін орталық қызметін бастады. Жаңа орталықтың ашылуында қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова аналар қауымымен кездесіп, ізглікті бастамаға сәттілік тіледі.

Шымкентте көп балалы аналарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ашылды

– Жетекші  партиясының кезекті XVIII cъезінде Елбасы әлеуметтік салаға байланысты бірқатар тапсырма берген еді. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың қолдауымен төрт ауданнан орталық ашылды. Қазір аналарға құжат тапсыру барысы түсіндірілуде. Ал 1-30 сәуір аралығында әлеуметтік көмек алу бойынша құжат қабылдау басталады, - деді Г.Құрманбекова.

Мұнан бұрын қалада аналар кеңес сұрап, құжат өткізетін мекеме біреу ғана болса, енді төрт ауданнан бөлімше ашылып отыр. Бұл орталықтарда тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалған. Күту залында аналар емін-еркін отыра алады.

Айта кетерлігі, Шымкентте 30 мыңға жуық көп балалы аналар бар. Енді көп балалы аналар әлеуметтік көмек алу үшін кеңес алып, құжат өткізуде (Еңбекші ауданы бойынша – Қапал батыр көшесі, н/ү; Абай ауданы бойынша – Мәделі қожа көшесі, н/ү (халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты); Әл-Фараби ауданы бойынша – Ш.Қалдаяқов көшеі, 13А; Қаратау ауданы бойынша – Бәйдібек би көшесі, н/ү.) өз аудандарында ашылған орталықтарға бара алады.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

ШЫМКЕНТ