27 Наурыз, 2019

Элизабет Алматыда өнер көрсетеді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатында айды аспанға шығарып, күміс медальді олжалаған Элизабет Тұрсынбаева 30 наурызда Алматыда өнер көрсетеді. 

Элизабет Алматыда өнер көрсетеді

Дәл сол күні Алматыда Ресейдің атақты спортшысы, спорттық биден Олимпия ойындарының күміс жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионы, Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы, көптеген аса ірі халықаралық жарыстарда жүлде алған Илья Авербухтың «15 жылдың табысы» атты шоуы өтеді.

Айтулы шараға дүниежүзілік деңгейде мойындалған Алексей Ягудин, Роман Костомаров, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин, Мария Петрова, Алексей Тихонов, Маргарита Дробязко, Повилас Ванагас, Албена Денкова, Максим Ставиский және тағы басқа мәнерлеп сырғанаушылар қатысады. Солардың қатарында Қазақстанның мақтанышы Элизабет Тұрсынбаева да бар.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ