27 Наурыз, 2019

Полицейлер мен ТЖД қызметкерлері Есіл өзеніне батып бара жатқан азаматты құтқарды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

62 жастағы ер адам жұқа мұз астына құлап кетті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Полицейлер мен ТЖД қызметкерлері Есіл өзеніне батып бара жатқан азаматты құтқарды

Оқиға кеше, 26 наурызда ҚазМЗУ университеті маңында болды. «Сағат 18:00 шамасында «Талас 201» құрамындағы лейтенант Руслан Бүркітбаев пен полиция аға лейтенанты Дәулет Әбуов ЖБО-нан университет артындағы Есіл өзенінде ер адамның батып бара жатқандығы туралы ақпаратты алды. 5 минут ішінде олар оқиға орнына жетті», – деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері мен полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарды.

«ТЖД қызметкері мұз үстінде ер адамға жақындап, оны арнайы арқанмен байлады. Тартылу барысында, салмаққа шыдамай, мұз жарылып, ТЖД қызметкері және полицей ер адаммен қоса суға құлады. Сол сәтте басқа полицейлер көмекке келіп, үш адамды судан алып шықты», – делінген хабарламада.

62 жастағы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек суда қалған құтқарушы мен полицейге де қажет болды. «Қазір өзенде мұз әлсіз, мұз үстімен өтудің қауіпті екенін еске салғымыз келеді. Сақтаныңыздар!», – деп ескертті қалалық полиция департаменті.