06 Желтоқсан, 2012

Сөз бен іс

243 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Сөз бен іс

Бейсенбі, 6 желтоқсан 2012 7:41

Прокуратура органдарында қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттаудан өткізу шарасы та­лапқа сай жүргізіліп келеді. Бұл бағытта олардың қалай өтіп жат­қандығын емес, аттестаттаудан не күтетінімізді айтқан маңызды. Ал бұл прокуратурада атқарылып жатқан қызметке тікелей байланысты. Сондықтан да аттестат­тау­дың маңызы атқарылған қыз­мет пен оның салдарында бол­мақ. Ендеше прокуратура орган­дарының міндеттерінің біріне қыл­мыстың алдын алу жатады десек, оған аттестаттаудың да ора­сан әсері болатындығын айт­қан жөн. Демек, бұл орайда атқа­рылып жатқан іс алға басады деген сөз. Мәселен, қылмыс профилактикасы туралы айтпас бұрын біз қылмыс туралы шындықты бі­луі­міз керек. Өкінішке қарай, бұл проблеманы шешуге деген талпынысымыз осы күнге дейін меди­циналық тілмен айтқанда, жал­ған «диагнозға» негізделіп келген.

 

Бейсенбі, 6 желтоқсан 2012 7:41

Прокуратура органдарында қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттаудан өткізу шарасы та­лапқа сай жүргізіліп келеді. Бұл бағытта олардың қалай өтіп жат­қандығын емес, аттестаттаудан не күтетінімізді айтқан маңызды. Ал бұл прокуратурада атқарылып жатқан қызметке тікелей байланысты. Сондықтан да аттестат­тау­дың маңызы атқарылған қыз­мет пен оның салдарында бол­мақ. Ендеше прокуратура орган­дарының міндеттерінің біріне қыл­мыстың алдын алу жатады десек, оған аттестаттаудың да ора­сан әсері болатындығын айт­қан жөн. Демек, бұл орайда атқа­рылып жатқан іс алға басады деген сөз. Мәселен, қылмыс профилактикасы туралы айтпас бұрын біз қылмыс туралы шындықты бі­луі­міз керек. Өкінішке қарай, бұл проблеманы шешуге деген талпынысымыз осы күнге дейін меди­циналық тілмен айтқанда, жал­ған «диагнозға» негізделіп келген.

Ал профилактика гректің «prophylaktikos», яғни сақтан­ды­ру сөзінен шыққан, ол әу баста ауру­дың алдын алуға бағыттал­ған іс-қимыл деген мағынаны біл­дірген. Құқықтық профилактика да қыл­мыстың алдын алуға бағытталған іс-әрекетті білдіреді. Сонымен қатар құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы іс-қимылдың жақ­сы жақтарын көр­сету үшін бірнеше жылдар бойы қылмыс­тарды жасырып, шынайы көріні­сін мүлде бұрмалап келген. Ал біз болсақ, осы жалған мә­ліметтерді жойып, профилактика­ның тиімді жүйесін құрғымыз келеді.

Бұл «аурудың» тарихы толық зерделенбеген, сондықтан сан жылдар бойы оның профилак­ти­касының да пайдасы шамалы бол­ғанына таңдануға болмайды. Сол себепті, ең алдымен, қыл­мысты есепке алу және тіркеу саласын тәртіпке келтіріп, оны жасыру төтенше оқиға ретінде баға­ланатындай болуы керек.

Қылмыстың шынайы көріні­сіне қол жеткізіп, оның түр­ле­рі­нің үлес салмағын, қылмысты­лық картасындағы ең проблема­лық жағдайларды анықтап алған­нан кейін ғана оған итермелеген себептер мен салдарларға талдау жасауға, болжамдар келтіруге, сондай-ақ тиімді әрі, ең бастысы, шынайы орындалатын жалпы­мем­­лекеттік және өңірлік бағдар­ламалар жасап шығаруға болады.

2011 жылдың қаңтарынан қыл­­мыстың жай-күйі шынайы­лығын қамтамасыз ету және қыл­мысты жасыру деректерін түбе­гейлі жою бойынша жоспарлы жұмыстар бас­талды. Қабылдан­ған шаралар нәтижесінде өткен жылы тірке­л­ген қылмыстар саны 57 пайызға артқан, аталған үрдіс осы жылы да жалғасын тапты. Осылайша, 2013 жылдың соңына қарай елдегі қылмыстың шынайы көрінісіне қол жеткізу мүмкін болады деп ойлаймыз. Демек, жоға­рыда көр­се­тілгендей, «Құқық бұ­­зу­шылық профилактикасы туралы» Заң ере­желерін орындау бо­йынша қа­был­данып жатқан шаралар күтіл­гендей оң нәтиже бермей тұр.

Оның себебі, прокурорлар көп­­теген заң бұзушылықтарды анық­тады. Мысалы, Алматы қа­ла­сы­ның әкімдігі құқықтық жү­йенің тиімділігі мәселелері жө­ніндегі Президент Жарлығының талаптарын бұзып, профилактика бойынша өңірлік бағдарламаны мүлде қабылдамаған, ал қабыл­дау мер­зімі 2010 жылдың 30 желтоқ­са­нына дейін еді. Оған тек Бас про­куратураның мамыр айын­да­ғы тексеруінен соң қол қойылған.

Аталған бағдарламалардың ор­ындалуы да сын көтермейді. Басқа мемлекеттік бағдарлама­ларда көзделген іс-шаралардың жоспарланған тармақтары жаппай қайталанады, не болмаса лауазымды тұлғалардың ағымдағы жұмысы болып табылады.

Тіпті профилактика мәселесін қадағалауды саны атқаратын адамдарға тапсыру орын алған. Ал Қостанай облысында салалық бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын ұр­лау деректері анықталып отыр. Ақша қаражатын тиімсіз пайдалану Қызылорда облысында да тір­келген. Алматы қаласында жұ­мыспен қамтылуға мұқтаж емес адамдарды бюджет қаражаты есе­бінен жүргізушілер курстарында оқыту сызбасы анықтал­ды. Мұнда «В» санаты бойынша жүргізуші курсынан өткен адам­дардың 70 пайызы әйелдер, сон­дай-ақ олардың басым бөлігі жоғары білімді.

Дамыған мемлекеттерде қыл­мыстың криминологиялық аспек­тілері ұдайы және жан-жақты зерделенеді. Сонымен қатар, мем­­­­лекет тарапынан қаржылан­ды­рылмаған профилактиканың тиім­ділігі жоқ екені белгілі. Өйткені, біз алдын алайын деп отырған қылмыстың түріне қарай профилактика да сан түрлі болуы тиіс екенін ұмытпауымыз керек. Мысалы, өзіне белгілі бір пайызы төленетінін білген жағдайда, адамның қылмыс туралы хабарлауын қаржы қылмыстарын профилактикалау құралы ретінде пайдалануға болады. Ал ұрлық, тонау және басқа да қылмыс­тар­дың профилактикалық құралы ретінде консьерж жұмысын жат­қызуға болады.

Осы айтылған жағдайлар елі­міздегі профилактикалық сипат­тағы шаралардың қылмыс дең­ге­йі мен жай-күйіне әсері жеткі­ліксіз екенін айғақтайды.

Демек, құқық қорғау органдары өз функциялары шеңберінде қылмысты туындататын әлеумет­тік дамудың барлық кемшіліктері мен қайшылықтарына ықпал ете алмайтынын ескеру қажет. Зерт­теушілердің пікірі бойынша құ­қық қорғау органдары қылмысқа әсер ететін 200-250 фактордың 30-40-ы ғана нақты ықпал ете алады. Сондықтан барлық құқық бұ­зушылық субъектілерінің өз­­ара, сондай-ақ жүйе ішіндегі қыз­ме­тін үйлестіру қажет, бұл қа­был­­данып жатқан профилак­ти­ка­лық шаралардың тиімділігіне жо­ғары деңгейде ықпал етері сөзсіз.

Нұрмаханбет ИСАЕВ,

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының орынбасары.